Тоғыз оғыз этнонимінің генезисі және қазіргі түркі халықтарымен этникалық байланысы


Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 44

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-276-286

Кілт сөздер:

тоғыз оғыз, сегіз оғыз, ұйғыр, этногенез, түркі тайпалары, этноним, генезис

Аңдатпа

Түркі халықтарының тарихындағы ерте орта ғасыр кезеңі әлі де нақтылықты, терең зерттеуді қажет етеді. Әрбір халықтың тарихын зерттеуде этногенез мәселесінің алатын орны өте маңызды. Өкінішке орай, қазіргі түркі халықтарының этногенезі мәселесі әлі де толық шешімін таба қойған жоқ. Сол себепті түркі халықтарын құрайтын жекелеген ру-тайпалар мен олардың этногенезіне тоқталу аса қажет зерттеулердің бірі саналады.

Қазіргі таңда ғалымдар қазақ руларының тарихын XII-XIII ғасырлардан ғана бастап қарастыруда. Ал одан ерте кезеңді нақты қарастыру, болжау қиындық тудыруда. Түркі халықтарының төл тарихи шығармаларынан алынған мәліметтер этногенез мәселесін зерттеуге жеткіліксіз, бізге толыққанды деректер бере алмайды. Мәселен, Орхон-Енисей ескерткіштерінде, Талас жазуларында тек жекелеген тарихи оқиғалар ғана суреттелген. Араб деректеріне тоқталсақ, араб саяхатшыларының көбіне Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен ғана шектелгенін, Моңғолия, Қытай аумақтарына бармағанын көреміз. Сондықтан араб дереккөздерінен де тақырыбымызға қатысты көп мәлімет табу қиынға соғады. Көне түрк кезеңі, түркі тайпалары туралы мәліметтерді көбіне Қытай деректерінен ғана біле аламыз.

Аталған мақалада ерте орта ғасыр кезеңіндегі тарихи деректерде кездесетін түркі тайпаларының бірі тоғыз оғыз тайпалар бірлестігінің тайпалық құрамы қарастырылып, тоғыз оғыздардың қазіргі түркі халықтарының генезисінде алатын орны жан-жақты пайымдалады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рысбекова, А. (2025). Тоғыз оғыз этнонимінің генезисі және қазіргі түркі халықтарымен этникалық байланысы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 276–286. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-276-286

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану