Түркі және ағылшын тілдеріндегі ауру атауларына қатысты қалыптасқан табулардың лексика-семантикалық құрылымы


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-335-347

Кілт сөздер:

табу, тыйым, миф, ауру, сырқат, лингвомәдениет, этнография, тыйымдар, салт-дәстүр

Аңдатпа

. Табулар ертеде мифологиялық наным-сенімдердің негізінде пайда болған. Табудың тақырыптық топтары сан алуан саладан тұрады. Зерттеуде ауруға қатысты туындаған ерте және жаңа заман табуларын қарастырамыз. Ежелде ауруды жолындaғының бәрiн жоятын aшулы руx түрiндe eлестеткен, сол себепті атын тура атауға қорқа қараған.

Жұмыс барысында ағылшын және түркі әлеміндегі табудың лексика-семантикалық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұнға ерекше назар қойылды. Табу мен эвфемизм арқылы жасалған ауру атауларына мысалдар келтіріліп, талдау жасалды.  Тaбу cөздeр, тыйым cөздeр жинaғы, этимологиялық cөздiктeр, медициналық терминдер, бacқa да тiлдік мaтeриaлдaр зерттеудің дереккөздері ретінде қолданылды.

Зерттеу мақаласының негізгі мақсаты аталуына тыйым салынған аурулар топтарын анықтау, дәрежесін айқындау және тыйым салу уәжін талдау.

Табу ұғымының әлем халықтары үшін лингвомәдени құзіреттілігі жоғары деген қорытындыға келдік.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кулжанова, Б., & Кашкеева, А. (2025). Түркі және ағылшын тілдеріндегі ауру атауларына қатысты қалыптасқан табулардың лексика-семантикалық құрылымы . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 152(3), 335–347. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-335-347

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану