Энергетика ресурстарын басқару және энергетика секторындағы қауіптердің алдын алу саласындағы Еуропалық одақтың институциялық тәжірибесі


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 71

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-127-139

Кілт сөздер:

Еуропалық Одақ, энергетикалық ресурстар, институционалдық тәжірибе, энергетикалық қауіпсіздік, энергетикалық сала, қауіптер, энергетика, өркениетті әлем

Аңдатпа

Мақалада Еуропалық одақтың энергетикалық ресурстарды басқару және энергетика саласындағы қауіптердің алдын алу саласындағы жинақталған тәжірибесі қарастырылған. Таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі әлемдегі күрделі экономикалық және саяси жағдай Еуропалық Одақты өзінің энергетикалық саясатын жаңартылатын энергия көздерін өндіруге және пайдалануға қайта бағыттауға мәжбүр еткендігіне байланысты. Зерттеудің мақсаты-Еуропалық одақтың энергетикалық ресурстарды басқару және энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қауіптердің алдын алу саласындағы институционалдық тәжірибесін талдау. Негізгі тәсіл ретінде энергетикалық қауіпсіздік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы барысында алынған энергетикалық ресурстарды басқару бойынша Еуропалық Одақтың жинақталған тәжірибесін талдауға мүмкіндік беретін жүйелік тәсіл қолданылды. Таза энергиямен қамтамасыз ету мәселесі климаттың өзгеруін, энергияға жаһандық сұраныстың артуын және болашақ жеткізілімдерге қатысты белгісіздікті ескере отырып, Еуропа үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін ажырамас сынаққа айналуда. Баламалы энергетиканы дамытудағы Еуропалық Одақтың тәжірибесі басқа елдер үшін, атап айтқанда, Орталық Азия елдері үшін пайдалы болуы мүмкін, өйткені дәл осы өңірдің елдеріне басталған энергетикалық дағдарыс жағдайында Еуропалық Одақтың мүдделері қайта бағдарланған. Қорытындылай келе, автор бүгінгі таңда Еуропалық Одақ тарапынан қабылданған барлық шаралар негізінен ұсыныс жағын ескермей, энергетикалық ресурстарға сұранысты Үйлестірілген төмендетуге бағытталған деген қорытындыға келеді. Осыған байланысты осы мәселені шешуге бағытталған екі бастама жиынтығы ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Адирбаева, А., Абилдаев, А., & Сейлхан, Б. (2025). Энергетика ресурстарын басқару және энергетика секторындағы қауіптердің алдын алу саласындағы Еуропалық одақтың институциялық тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 127–139. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-127-139

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану

Most read articles by the same author(s)