Қазіргі заманғы қытай әдебиетінің танымалдығы және оның көрнекті өкілдері


Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 70

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-240-253

Кілт сөздер:

қазіргі заманғы қытай әдебиеті, халықаралық танымалдылық, жаһандық мәдениет, , әдеби аударма, ұлттық ерекшелік, жаһандық тақырыптар, қытай мәдениеті

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі заманғы қытай әдебиетінің ұлттық ерекшеліктері мен жаһандық деңгейдегі танымалдығы талданады. Қазіргі заманғы қытай әдебиеті – дәстүр мен жаңашылдықты ғасырлар бойы ұштастырып отырған әдеби үдерістің айқын көрінісі. ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінен бастап қытай тарихында болған әлеуметтік, саяси өзгерістер әдебиетке де өзінің әсерін, ықпалын тигізді. Зерттеу қытай әдебиетінің тарихи, әлеуметтік және философиялық мазмұндарын жан-жақты қарастыра отырып, оның ұлттық мәдениет пен жаһандық құндылықтарды үйлестіре білу ерекшелігін ашады. Мо Янь, Ю Хуа, Янь Ляньке, Лю Цысинь және Би Фэйюй сынды көрнекті қытай жазушыларының шығармашылығы мысал ретінде талданады. Аталған жазушылардың шығармаларында сол кезеңдегі қытай қоғамындағы әлеуметтік мәселелер, адам мен табиғат, халық пен билік арасындағы қатынастар шебер суреттелген. Мақалада қытай әдебиетінің ұлттық болмысты сақтай отырып, жаһандық мәселелерді бейнелеудегі маңыздылығы мен әдебиетаралық диалогты нығайтудағы рөлі ерекше атап өтіледі. Қазіргі заманғы қытай әдебиетінің жаһандық мәдениеттегі орны мен ықпалы кеңінен қарастырылады. Қытай әдебиетінің беделді халықаралық марапаттарға ие болуы және оның шығармаларының әлемдік тілдерге аударылуы әдебиеттің жаһандық кеңістікте лайықты орын алуына ықпал еткені көрсетілген. Сонымен қатар қытай әдебиетінің киноға бейімделуі және оның кең аудиторияға танылуы да талқыланады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мурзатаева, Р. ., & Құрманғали, Г. (2025). Қазіргі заманғы қытай әдебиетінің танымалдығы және оның көрнекті өкілдері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 240–253. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-240-253

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану