Түркологиялық зерттеу ныcаны Чалама тасы: әдет-ғұрыптар, рәміздер және мәдени мұра
Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 69
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-339-348Кілт сөздер:
түркітілдес халықтар, шамандық салт-жора, чалама, рәсім, киелі тас, шаманизм, рухани бірегейлікАңдатпа
Чалама тасы - түркітілдес халықтардың шамандық дәстүрлері таралып сақталған ерекше күш орны. Рухани энергияға толы бұл қасиетті кеңістік ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтатын және мәдени мұраны қолдайтын рәсімдер өткізудің орталығы ретінде қызмет етеді. Чалама - бұл бірлік пен рухани жаңғырудың символы, мұнда кез-келген адам ежелгі біліммен, дәстүрмен танысып, оларды болашақ ұрпақ үшін сақтай алады.
Мақаланың мақсаты - чалама тасының жанында жүргізілген камлание рәсімін және оның символикасы мен түркі тілдес халықтардың мәдени бірегейлігін сақтаудағы рөлін зерттеу. Зерттеудің өзектілігі - камлание рәсімі шамандық тәжірибенің негізгі элементі ретінде түркітілдес халықтар арасында өз маңызын сақтағанымен, қазіргі контекстегі рәсімнің символикасы мен рухани маңыздылығы әлі де жеткілікті зерттелмегендігі. Зерттеу барысында салт-дәстүрлердегі өзгерістер мен сабақтастықты анықтауға мүмкіндік беретін салыстырмалы тарихи әдіс қолданылды. Сипаттау және талдау әдістері салттық дәйектілікті қалпына келтіруге мүмкіндік бере отырып, мәдени және тарихи-этнографиялық тәсілдер дәстүр мен қазіргі мәдениет контекстінде салттың мағынасын зерттеу үшін қолданылды.
Чалама тасының жанында өтетін бұл рәсім қазіргі әлемде шамандық дәстүрлерді сақтаудың жарқын мысалы болып табылады. Зерттеу жұмыс шаманизмнің ежелгі дәстүрлер мен қазіргі рухани қажеттіліктер арасындағы көпір бола отырып, түркі тілдес халықтардың рухани бірегейлігін сақтауда шешуші рөл атқаратынын растайды. Бұл мәдени мұраны сақтау және түркі тілдес халықтардың рухани бірегейлігін түсіну үшін осындай тәжірибелерді зерделеудің маңыздылығын көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.