Полиэтникалық қоғамдардағы коммуникациялық стратегиялар: Қазақстан мен Ресейдің көзқарастарына салыстырмалы талдау
Қаралымдар: 212 / PDF жүктеулері: 158
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-9-21Кілт сөздер:
коммуникация стратегиялары, стратегиялау теориясы, этносаралық өзара әрекеттестік, көпмәдениеттілік, мәдениетаралық, азаматтық бірегейлік, көпұлтты қоғам, ҚазақстанАңдатпа
Этникалық әртүрліліктің өсуімен қатар жүретін жаһандану жағдайында көпұлтты қоғамдарды басқару мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің біріне айналуда. Азаматтық бірегейлікті нығайтуға, этникалық қақтығыстардың алдын алуға және мемлекеттік органдарға сенім деңгейін арттыруға бағытталған тиімді коммуникациялық стратегияларды әзірлеу ерекше маңызға ие. Мақалада мұндай стратегияларды қалыптастырудың теориялық тәсілдері, олардың принциптері мен іске асыру әдістері қарастырылады. Ресей мен Қазақстан мысалы негізіндеэтносаралық саясатты әрбір қоғамның бірегей әлеуметтік, мәдени және тарихи ерекшеліктеріне бейімдеу, этносаралық қатынастарды үйлестіруді және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолын көрсететін стратегиялаудың әртүрлі үлгілері талданады.
Зерттеуде әртүрлі этностар арасындағы диалогқа ықпал ететін тұрақты және тиімді құрылымдарды құруды қамтитын этносаралық өзара іс-қимылды институттандыруға ерекше назар аударылады. Бұл олардың қоғамдық тұрақтылықты нығайта түсетін елдің саяси-қоғамдық өміріне белсенді қатысуын білдіреді. Жұмыста этносаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталған табысты тәжірибелер айқындалған. Табысты стратегиялаудың негізгі факторлары инклюзивтілік, биліктің диалогқа ашықтығы және аймақтардың тарихи-мәдени ерекшеліктерін ескеру болып табылатыны атап өтіледі.
Ұсынылған тәсілдер мен стратегиялау үлгілерін талдау этносаралық өзара іс-қимылдың әлеуметтік-мәдени ғана емес, сонымен бірге экономикалық және саяси аспектілерін де ескеретін кешенді және жүйелік тәсілдің маңыздылығын көрсетеді. Осы мақалада қарастырылған шешімдер өте бейімделгіш, сондықтан оларды әртүрлі контексттерде қолдануға болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




