Инстаграм желісіндегі қазақ тіліндегі гендерлік антипаремияларға шолу
Қаралымдар: 37 / PDF жүктеулері: 6
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-319-338Кілт сөздер:
антипаремия, антимақал, гендерлік лингвистика, паремиологияАңдатпа
Мақалада инстаграм желісінде тарап жүрген кейбір қазақ тіліндегі гендерлік антипаремиялар жайы баяндалады. Зерттеу барысында қазақ инстаграм желісіндегі гендерлік антипаремияларды шолып, оларға сипаттама беру мақсат етілген. Тақырып аясында жинақталған материалдар сараланып, мазмұны мен құндылығына және құрылымына талдау жасалған. Талқылау барысында антипаремиялардың қоғамға прагматикалық әсері статистикалық әдіс арқылы анықталған. Антипаремиялардың мазмұны мен жасалу жолы түсіндіріліп, дәстүрлі инварианттармен салыстыра сипаттама берілген. Сипаттама беру барысында лексика-семантикалық, синтаксистік ерекшеліктер ескеріліп, мақал-мәтелдердің шығу көздері мен себебі жайлы этнолингвистикалық тұжырымдар жасалған. Кейбір антипаремиялардың жасалу уәждері және қазақ мақал-мәтелдерінің дәстүрлі құрылымын анықтау кезінде логикалық талдаулар мен амалдар қолданылған.
Паремияларды кешенді зерделеу келесідей қадамдардан тұруы қажет: зерттеу жұмыстары мен қолданыста жүрген талдауларды саралап, паремиялардың түсіндірме және функционалдық сөздігін түзу және жинақталған сөздік бойынша паремиялардың мүмкіндігінше этимологиясына бойлау. Бұл паремиялардың шығу тегі мен семантикасын анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңге дейінгі тақырыптық топтарға жіктеп келген паремиялардың морфологиялық, синтаксистік және логикалық құрылысын айқындау және жинақталған мәліметтерге сүйене отырып дәстүрлі қазақ ойлау жүйесінің алгоритмін жасау. Міне, осындай қадамдардан кейін паремиялық қор қайта тіріліп, ұлттық таным мен ойлау жүйесін айқындауда негізгі рөл атқара алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.