Ақпараттық деректерді басқарудағы Оңтүстік Кореяның ұлттық ұстанымдары
Қаралымдар: 155 / PDF жүктеулері: 447
Кілт сөздер:
Сандық кеңістік, цифрлық технологиялар, қоғамды ақпараттандыру, Оңтүстік Корея, киберқауіпсіздік, цифрлық деректер, ИнтернетАңдатпа
Бұл мақалада Оңтүстік Кореяның онлайн аутентификация мен цифрлық
деректерге қол жеткізуді бақылауға қатысты негізгі саясаты, олардың негізгі өзгерістері мен
себептері қарастырылады. Оңтүстік Кореяның ақпараттық-коммуникациялық технология саясаты,
киберқауіпсіздік саясаты сияқты қозғаушы күштері талданады. Онлайн аутентификация процесінің
даму ерекшеліктері ұсынылған және цифрлық деректерге қол жеткізуді бақылау мәселелері
қозғалған. Оңтүстік Кореяның цифрлық қоғамды дамытуға бағытталған цифрлық жаңа жобалары
қарастырылады.
Оңтүстік Кореяның цифрлық ортасы әлемдегі ең озық орталардың бірі болып табылады.
Қоғамды цифрландыру қоғамның covid-19 пандемиясына дейін және одан кейін бөлінуімен одан әрі
күшейе түсті, бұл цифрлық технологиялар саласындағы әрбір мемлекеттің даму деңгейін көрсетті.
Оңтүстік Кореяның цифрландыру саясатын табысты ілгерілетудің элементі ұлттық тәсілдер мен
киберқауіпсіздік болып табылады.
Қорытындылай келе, елге тән белгілі бір модель бойынша цифрлық ортаны дамытудың
маңыздылығы баяндалады және ол бірегей цифрлық ортаны дамытуды жүзеге асыру процесінде
маңызды заманауи құрал ретінде қарастырылады.