Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік басқару саласындағы цифрлық ынтымақтастығының перспективалары


Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 81

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-166-181

Кілт сөздер:

Сандық технологиялар, мемлекеттік басқару, Оңтүстік Корея, Қазақстан

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан мен Оңтүстік Кореядағы мемлекеттік басқару саласындағы цифрлық трансформацияның ерекшеліктері зерттеледі. Цифрлық трансформация саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік басқарудың маңыздылығы зор. Мемлекеттік қолдау мен инновациялық технологияларды құру бастамасының арқасында елдің цифрлық инфрақұрылымы дамиды. Адам өмірінің сапасы және барлық салалардың тиімді жұмысы жаңа цифрлық ортаға байланысты болды. Сол себепті, әр ел жыл сайын өз экономикасының барлық салаларына жаңа цифрлық инновацияларды енгізуге ұмтылады. Сондықтан да, осы тақырып бойынша ғылыми зерттеулер өзекті болып табылады. Мақалада Дүниежүзілік Банк (World Bank), UN e-Government Survey 2022, International Telecommunication Union Surveys (ITU), IMD World Competitiveness Ranking reports 2023, INSEAD the Global Competitiveness Rankings 2022, сияқты дерекқорлардан алынған статистикалық талдау әдісі негізінде екі елдің мемлекеттік басқаруды цифрландырудың негізгі бағыттары бойынша салыстырмалы кестелер жасалды. Ойындар теориясы әдісі бойынша матрица жасалды, онда Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның цифрлық трансформация саласындағы үстем ынтымақтастығы қарастырылады. Цифрландыру саласындағы елдердің тиімді және тұрақты өзара ынтымақтастығы жағдайында мемлекеттік басқарудың рөлі кең көлемде үкіметтердің әрқайсысы үшін маңызды рөлге ие екені көрінеді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Хамитова, Н., & Белялова, А. (2025). Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік басқару саласындағы цифрлық ынтымақтастығының перспективалары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 166–181. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-166-181

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану