Оңтүстік Кореядағы дәстүрлі үйлену той рәсімдерінің трансформациясына әсер еткен ішкі және сыртқы факторлар


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-200-215

Кілт сөздер:

Оңтүстік Корея, дәстүрлі үйлену тойы, Чосон дәуірі, жаһандану, заманауи неке қию рәсімдері

Аңдатпа

Чосон әулетінің кезеңінде үйлену тойына ерекше мәнге ие болды және көптеген дәстүрлер мен рәсімдермен бірге жүрді. Олардың көпшілігі ұмыт болғанымен, кейбіреулері әлі күнге дейін сақталған. Бұл мақаланың мақсаты: Чосон әулетінен (1392-1910) бастап корейлердің дәстүрлі үйлену тойын зерттеу, үйлену той дәстүрлерінің өзгеруіне әсер еткен ішкі және сыртқы факторларын анықтау, дәстүрлі үйлену той рәсімін өткізу тәртібіне тарихи талдау жасау, корейлердің үйлену тойындағы ғұрыптардағы өзгерістерді және олардың жаһандану заманында сақталуын, сонымен қатар заманауи үйлену тойының өткізу кезінде орындалатын рәсімдердізерттеу. Автор 1960 жылдары жойылып кете жаздаған, бірақ 1982 жылы «дәстүрлі үйлену той» деген атпен қайта жанданған дәстүрлі үйлену тойларына назар аударады. Бұл жұмыста тарихи-антропологиялық талдау, жалпы теориялық әдістер (анализ, синтез, абстракция), құжаттар мен дереккөздерді талдау қолданылды. Автор сонымен қатар дәстүрлі үйлену тойдың өзгеріске ұшаруы мен жеңілдетілуіне әсер еткен заңдарға құжаттық талдау жүргізді. Зерттеу нәтижесінде автор Оңтүстік Кореядағы дәстүрлі және заманауи үйлену тойларына салыстырмалы талдау жасап, жаһандану үрдісінің үйлену той рәсімдерінің трансформациялануына айтарлықтай әсереткендігі анықталды. Сондай-ақ, Кореяда үйлену той рәсімдерінің орындалуын үкімет тарапынан қадағалап отыратындығы айқындалды. Гипотеза: корейлер дәстүрлі үйлену тойын сақтап қалды, бірақ оның бірқатар элементтерін ішінара заманауи батыс үлгілерінің әсерінен өзгертті және оны батыстық элементтермен сәтті ұштастырып отыр. Дәстүрлі неке қию рәсімі қазіргі қоғам талабына сай «қайта құрылды».

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Илияскызы, Д., & Сауданбекова, Ш. (2025). Оңтүстік Кореядағы дәстүрлі үйлену той рәсімдерінің трансформациясына әсер еткен ішкі және сыртқы факторлар. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 152(3), 200–215. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-200-215

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану