Түркі тілдерінің паремиологиялық дискурсындағы құндылық параметрлерінің когнитивтік-прагматикалық репрезентациясы


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

паремиологиялық дискурс, құндылық параметрлері, жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдени код, когнитивтік модель, прагматкиалық қызмет

Аңдатпа

Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі паремиялар негізінде құндылық параметрлерінің когнитивтік-паргматикалық репрезентациясы қарастырылады. Бұл ұғым тіл мен мәдениеттің тоғысындағы күрделі категория ретінде зерттеудің негізгі нысаны болды. Мақалада ұлттық дүниетаным мен лингвистикалық сананың үйлесімінен туындайтын паремиялар қазақ және түрік халықтарының құндылықтарын қалай анықтайтыны талданды. Екі ұлттың негізгі құндылықтары, этикалық нормалары мен мінез-құлық ережелері анықталып, 200-ге жуық қазақ және түрік паремияларының рухани және әлеуметтік ортақ құндылықтарына талдау жүргізілді. Жинақталған паремиялардағы құндылық параметрлері 10 негізгі топқа жіктеліп, олардың прагматикалық қызметі анықталды. Паремиялар арқылы берілетін құндылықтар жүйесі екі ұлтта әртүрлі көрінгенімен, олардың жалпыадамзаттық маңызы бар ортақ категориялармен үндесетінін нәтижелер көрсетті. Паремиялардағы құндылық параметрлері когнитивтік модель ретінде адамның әлеуметтік мінез-құлқы мен моральдық ұстанымын реттейтіні анықталды. Авторлар паремиологиялық дискурстағы құндылықтарды күрделі аксиологиялық категория ретінде қарастыра отырып, олардың қазақ және түрік мәдениетінде бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпағанын, керісінше, оларға деген қызығушылық артып отырғанын дәлелдейді. Сонымен қатар паремияларды тақырыптық топқа жіктегенде олардың репрезентациялайтын құндылық параметрлері басшылыққа алынуы тиіс деген ұсыныс айтады.

Жарияланды

30.09.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Динаева, Б. ., Akimisheva, Z. ., & Ардақ, Б. . (2026). Түркі тілдерінің паремиологиялық дискурсындағы құндылық параметрлерінің когнитивтік-прагматикалық репрезентациясы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 156(3). Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/1188

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану