Көне түркілік фразеологизмдердің тарихи дамуы: құрылымдық-семантикалық трансформация


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

фразеологизм, түркі жазба ескерткіштері, мағына, түркі тілдері, тілдік бірлік, лексема

Аңдатпа

Мақалада көне түркі және орта ғасырлық кезеңдерде қолданылған фразеологизмдердің тарихи дамуы, олардың құрылымдық-семантикалық өзгерістері қарастырылады. Фразеологиялық бірліктердің даму эволюциясы диахронды тұрғыдан талданылып, олардың қазіргі түркі тілдерімен сабақтастығы жазба деректер негізінде дәйектеледі. Зерттеу барысында байырғы түркі тілдері және қазіргі түркі тілдері бойынша тілдік деректер салыстырмалы-тарихи, антропоөзектік, құрылымдық-семантикалық модельдеу әдістері негізінде кешенді талдау жүргізу үшін пайдаланылды. Тілдің даму үдерісі барысында фразеологизмдердің құрамдас бөліктерінің өзгеруі және компонент орындарының ауысуы, грамматикалық және фонетикалық модификациялар, семантикалық трансформациялар және тағы басқа түрленулерге ұшырайтыны анықталды. Семантикалық трансформация нәтижесінде фразеологиялық бірліктердің бастапқы мағынасы ішінара немесе толығымен өзгеріп, жаңа мағыналарға, мағыналық реңктерге ие болады. Кешенді талдау көне түркі дәуірінен бергі фразеологиялық бірліктердің құрылымдық, семантикалық ерекшеліктерін және олардың кейінгі түркі тілдеріндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі өзгерістерін анықтауға бағытталған. Зерттеу нәтижелері түркі тілдерінің фразеологиялық жүйесіндегі сабақтастық пен өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді, түркі фразеологиясы заңдылықтарының тарихи динамикасын және тілдің қазіргі күйін қалыптастыру механизмдерін тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Жарияланды

30.09.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Түймебаев , Ж. ., Авакова , Р. ., & Нурмухамбетова, А. . (2026). Көне түркілік фразеологизмдердің тарихи дамуы: құрылымдық-семантикалық трансформация. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 156(3). Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/1159

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану