Абайдың «Ғақлия» кітабындағы байырғы түркілік лексика: Тұғрұл қолжазбасы негізіндегі мәтінтанулық-салыстырмалы талдау
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
Абай, Ғақлия (қара сөз), Тұғрұл қолжазбасы, Мүрсейіт қолжазбасы, мәдени мұра, байырғы лексика, мәтінтану, аудармаАңдатпа
Мақалада Абай Құнанбайұлының «Ғақлия» кітабындағы байырғы түркі лексикасы Тұғрұлдың түпнұсқа қолжазбасы негізінде талданады. Ұзақ уақыт бойы Абай мұрасының мәтінтанулық және лингвистикалық зерттелуі 1906, 1907 және 1910 жылдары Мүрсейіт Бікіұлы көшіріп жазған қолжазбаларға сүйеніп келді. Ғылыми айналымға салыстырмалы түрде жуырда енгізілген Тұғрұлдың қолжазбасында Мүрсейіт нұсқаларымен салыстырғанда мәтіннің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және семантикалық қырларын қамтитын екі жүзге жуық айырмашылықтар мен алшақтықтар айқындалды. Жүргізілген талдау ойшылдың ой-толғамдарында қолданылған байырғы сөздер мен тұрақты тіркестердің елеулі бөлігінің кейінгі нұсқаларда түпнұсқалық тұлғасынан өзгеше оқылып, түсіндірілгенін көрсетті. Мәселен, «егер оған да ынтымақтаса алмаса», «әрбір мастың сөйлеген кезінде», «жас бала анадан туғанда», «кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң» сияқты қолданыстар шын мәнінде «яки екеуі инанмаққа салмаса», «уә әрбір мастың айыққан кезінде», «жас бала да анадан туғанда», «кей байлар елдегі құтты сүттілер бір келе салмаған соң» түрінде берілген.
Абай тілін зерттеуге арналған бірқатар еңбектерде мұндай мәтіндік сәйкестіктер мен варианттардың жекелеген қырлары жеткілікті деңгейде қарастырылмағаны байқалады. Осыған байланысты Тұғрұл қолжазбасындағы мәтіндік нұсқаларды өзге қолжазбалармен салыстыра қарастыру Абай тілінің лексикалық және стильдік ерекшеліктерін нақтылай түсуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері Абайдың байырғы тілдік қабаттарын зерделеуге қатысты қалыптасқан тұжырымдарды толықтырып, оның философиялық және әдеби мұрасын мәтіндік деректер негізінде тереңірек пайымдауға негіз болады.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



