Қарашай және балқар халықтары драматургиясының зерттелу тарихы


Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 16

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-205-214

Кілт сөздер:

қарашай-балқар драматургиясы, пьеса, театр, мәдениет, өнер, әдебиет, эпос, тарих, фольклор

Аңдатпа

Мақалада қарашай және балқар драматургиясының тарихнамасы, жеке ғылыми бағыт ретінде зерттеле бастауы, хронологиясы, бағыт-бағдары, оны зерттеуге қосқан ғалымдардың үлесі баяндалады. Ғылыми еңбектерде қарашай-балқар драматургиясы Солтүстік Кавказ халықтарының әдебиеттану, театртану, өнертану ғылым саласындағы өте қажетті бағыттардың бірі, және ұлттық театр мен сахна өнерің бастау алып, халықтың тарихи-мәдени өмірін, тұрмыс-тіршілігін, болмысын, дүниетанымын көркем бейнелей отырып, халықтың тарихи жадын орнықтырып, ұлттық рухын көтерудегі орнын жаңа ғылыми парадигма негіздерін қолдана отырып зерделенгені қарастырылады. Қарашай-балқар драматургиясының дамуына ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап кеңестік идеологияның әсері мықтап орнады. Бұл кезеңде қалыптасып келе жатқан жаңа қоғамның идеяларын насихаттайтын, еңбектің адамын дәріптеп көрсететін пьесалар қатары көбейіп, сонымен қатар ұлттық сана мен тарихи-мәдени, салт-дәстүр тақырыптары елеусіз, сирек көрсетіліп отырғаны да баяндалады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап драматургия жаңа дамуы сатысына көтеріліп, ұлттық ерекшелік, орын алған әділетсіздік жойылып, әділеттілікті қалпына келтіру, халықтың тағдыр-тауқыметін, мәдени сабақтастық мәселелерін көтеріп, сахнаға шығарып, көркем тілде бейнелеу негізгі тақырыптарға өзек болады. Ғылыми мақалада қарашай-балқар драматургиясының қалыптасуы мен дамуы, кеңестік дәуір мен тәуелсіздік кезеңдегі драматургияның зерттелуі, оның көркемдік, жанрлық, идеологиялық ерекшеліктері, бағыт-бағдары кеңінен қарастырылып, балқар драматургиясының бастау көзі халық ауыз әдебиеті мен эпикалық дәстүрлерден нәр алып, фольклорлық мотивтердің сахналық үлгіде көрініс табуы жайында терең талдаулар жүргізіледі. Қаһармандық жыр-дастандар, халық ертегілері мен аңыздарындағы көркем сюжеттік үлгілер алғашқы сахналық шығармаларға арқау болып, олардың идеялық-эстетикалық түп негізін қалыптастырғаны, және қарашай-балқар драматургиясы көркемдік ізденіс жағынан, тілдік өрнек пен сахналық байлам тұрғысынан түбі бір түркі халықтарының әдеби дәстүрімен ұқсас өркендеп, дамығаны да нақты дәлелдермен беріледі. Мақалада қазіргі уақыттағы әдеби сыншылар мен жас ізденуші-ғалымдар заманауи қарашай-балқар драматургиясын жаһандану заманындағы мәдениет, ұлттық бірегейлікті сақтау және тарихи жады мәселелерін сабақтастыра қарастырғаны назарға алынады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шапауов, Ә. ., & Алимбеков, Р. . (2026). Қарашай және балқар халықтары драматургиясының зерттелу тарихы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 155(2), 205–214. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-205-214

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану