Еуразияшылдық пен Рөл теориясы (Role Theory): Қазақстанның сыртқы саясатына концепциялық пайымдау (1991-2019)


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А. Бауыржанқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы https://orcid.org/0000-0002-2120-6222
  • А. Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы https://orcid.org/0009-0002-8891-8061

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-21-38

Кілт сөздер:

Еуразияшылдық, Қазақстан, Ұлттық рөл тұжырымдамасы, Еуразиялық көпір, көпвекторлы сыртқы саясат, Орталық Азия

Аңдатпа

Бұл мақалада Рөл теориясына сүйене отырып, Еуразияшылдық идеясының Қазақстанның ұлттық рөл тұжырымдамасын тәуелсіздіктің шешуші кезеңінде (1991–2019) қалай қалыптастырғаны талданады. Президенттің ресми сөздері, стратегиялық құжаттар және екінші дереккөздер негізінде                               Н. Назарбаевтың Еуразияшылдықты географиялық атаудан стратегиялық рөлдік бірегейлікке - «Еуразиялық көпірге» қалай айналдырғаны көрсетіледі. Калеви Хольстидің Ұлттық рөлдік (Role Theory) түсініктер тұжырымдамасына сүйене отырып, мақалада Еуразияшылдықтың ішкі этносаралық келісім императивтерін сыртқы тепе-теңдік пен ынтымақтастыққа бағыттаумен ұштастыратын сыртқы саяси рөл ретінде қызмет атқарғаны келтіріледі. Талдау нәтижесінде бұл рөлдік құрылымның Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының негізінде жатқандығы, елдің Еуразиялық және Еуроатлантикалық институттармен өзара байланысын айқындағаны және қауіпсіздікті блоктық қарама-қайшылықтан гөрі өңірлік, ортақ сын-қатер ретінде түсіндіруге ықпал еткені айқындалады. Эмпириялық тұрғыдан алғанда, бұл жағдай орта деңгейдегі (mid-sized) мемлекеттің Ресей, Қытай және Батыс арасындағы «аралық» геосаяси орнын медиаторлық рөлге айналдыру қабілетін көрсетеді. Теориялық тұрғыдан мақала Рөл теориясы мен Еуразиядағы шағын мемлекеттердің дипломатиясын интеграциялау арқылы сыртқы саясатты талдауға үлес қосады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бауыржанқызы A., & Жолманов A. (2026). Еуразияшылдық пен Рөл теориясы (Role Theory): Қазақстанның сыртқы саясатына концепциялық пайымдау (1991-2019). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 154(1), 21–38. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-21-38

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар