Көне ұйғыр және қазақ тілдеріндегі септіктерді тарихи-грамматикалық тұрғыдан салыстыру («Секиз йүкмек йарук» мәтіні негізінде)


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

қазақ тілі, көне ұйғыр тілі, септіктер, вибактилер, түркі тілдері, тарихи қосымшалар, салыстыру

Аңдатпа

Мақалада көне ұйғыр және қазақ тілдеріндегі септік жүйелері тарихи-грамматикалық тұрғыдан салыстырыла зерттеледі. Мақаланың мақсаты – көне ұйғыр және қазақ тілдеріндегі септіктердің ұқсас тұстары мен айырмашылықтарын, әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерін ашып көрсету, қазақ тілінде белсенді қолданыста жүрген тарихи септіктерді анықтап, талдау. Көне түркі тілдерін зерттеген шетелдік ғалымдар да көне ұйғыр тілінің грамматикалық терминдері арасында ең көп кездескен «вибакти» терминінің септіктер мағынасында қолданылғанын алға тартады. Зерттеуші ғалымдар өз еңбектерінде екі тілдегі септіктердің арасында қосымшалардағы аз-кем өзгешеліктерден басқа айтарлықтай айырмашылықтың жоқ екендігін жазады. Мақаланың өзектілігі отандық ғылымда аз зерттелген көне ұйғыр тілінің грамматикасын, оның ішінде көне дәуірде көне ұйғырлардың өзін де қызықтырған септік категориясын зерттеу болып табылады. Зерттеуді жүзеге асыру барысында мысал ретінде көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің бірі «Секиз йүкмек йарук» мәтінінен алынған сөйлемдер пайдаланылды. Мақалада салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи, топтау, талдау, аудару, салыстыру әдіс-тәсілдері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде көне ұйғыр және қазақ тілдеріндегі септік тұлғалары мен олардың грамматикалық қызметтері салыстырылып, тарихи даму барысында өзгеріске ұшыраған формалары түсіндірілді және көне септік көрсеткіштері анықталды.

Жарияланды

30.09.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бүркітбаева, Ш. ., Бисенғали, А. ., & Бошан, Н. (2026). Көне ұйғыр және қазақ тілдеріндегі септіктерді тарихи-грамматикалық тұрғыдан салыстыру («Секиз йүкмек йарук» мәтіні негізінде). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 156(3). Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/1063

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану