Қазақ және моңғол тілдеріндегі сиырға қатысты мақал-мәтелдердің салыстырмалы-тарихи сипаттамасы


Қаралымдар: 99 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 25

Авторлар

  • К.К. Кенжалин
  • О.К. Абдиров

Аңдатпа

Мақалада қазақ-моңғол тілдеріндегі сиырға қатысты паремияларға салыстырмалы-тарихи
сипаттама беріледі. Мақал-мәтелдер қай халықтың болмасын лексикалық қорының баға жетпес қазынасы екені анық. Мақал-мәтелдердің бойында этногенездік және глоттогенездік ақпараттар жақсы сақталып отырады. Жалпы тіл білімінде, соның ішінде алтаистикада паремияларды салыстырмалы-лингвофольклористика тұрғысынан зерделеу әлі жолға қойыла қоймағандықтан, бұл салада зерттеу жүргізу
қазіргі кезеңнің түйткілді мәселесіне айналып отыр. Егер аталған мәселені шешсек, әр ұлттың танымындағы қалыптасқан әлемнің тілдік бейнесін анықтау оңайға түсер еді. Зерттеу жұмысының мақсаты да
туыстас тілдердің мақал-мәтелдеріне ғылыми деңгейде түсініктеме беріп, тарихи тұрғыда сипаттамалар
келтіру болды. Ол үшін осы кезеңге дейінгі алтаистикадағы, соның ішінде түркі тілдерімен моңғол тілдерін зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасалды. Оған қоса паремиялогия саласындағы
ғылыми көзқарастарға да тоқтала келе, кешенді талдау жүргізу барысында зерттеу объектілері бірнеше
тақырыптық топқа жіктеліп, оларға салыстырмалы-мағыналық түсініктеме берілді. Паремиялар бойында жинақталған ұлттық құндылықтар мен таным түсініктер тек алтаистика саласында ғана емес жалпы
тіл білімі үшін де өте құнды екені анық және өзекті болып қала бермек.

Жүктеулер

Қосымша файлдар

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кенжалин K., & Абдиров O. (2023). Қазақ және моңғол тілдеріндегі сиырға қатысты мақал-мәтелдердің салыстырмалы-тарихи сипаттамасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 142(1), 312–325. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/128