Орталық Азия елдеріндегі террористік қауіптің факторлары
Қаралымдар: 149 / PDF жүктеулері: 84
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-35-49Кілт сөздер:
Орталық Азия, терроризм, террористік қауіп, экстремизм, саяси тұрақсыздық, кедейлік, радикалдану, геосаяси осалдық, терроризмге қарсы іс-қимыл, өңірлік қауіпсіздікАңдатпа
Зерттеудің мақсаты Орталық Азиядағы террористік қауіптің дәрежесін анықтау болды. Зерттеу The Jamestown Global Research & Analysis Foundation, Reuters, The Guardian, Xinhua және Джордж Вашингтон университетінің материалдарына негізделген. Осы зерттеу жұмысында контенттік талдау, құрылымдық-функционалдық талдау және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері Орталық Азия елдерінің азаматтарын террористік қызметке тартуға ықпал ететін факторлардың бар екендігін көрсетті. Оның ішінде – кейбір елдерде халықтың 2,8 пайызынан 33,2 пайызына дейін кедейліктің ұлттық деңгейінен төмен өмір сүретіндігін көрсетті. Сонымен қатар, осы аймақ шикізат саудасына тәуелді және соның салдарынан сыртқы геосаяси дағдарыстарға төтеп бере алмайды. Сондай-ақ аймақ билеушілерінің авторитарлық үрдістерге, шекаралық қақтығыстардың болуымен, биліктің әулеттік жолмен берілуі және әлеуметтік теңсіздік сияқты саяси тұрақсыздықпен ерекшеленеді. Осыған байланысты Орталық Азия елдеріндегі халықаралық террористік әрекеттердің себеп-салдарын анықтап беретін әлеуметтік үдерістер мен факторлардың өзгеру динамикасын мониторингтеу қажеттілігі осындай зерттеудің өзектілігін көрсетеді. Орталық Азия елдерінің қоғам мен мемлекеттік биліктің діни саланың қалай дамуы және қандай формаларды қабылдауы керек деген мәселе бойынша өзара әрекеттесу форматтарының болмауы, аймақтағы тұрақсызданудың белгілі бір қауіп-қатерлері мен тәуекелдерін туындатады. Сондықтан қысқа мерзімде әртүрлі экстремистік әрекеттерден тұратын – террористік шабуылдардан бастап, жаппай тәртіпсіздіктерге апаратын шараларды ұйымдастыруды радикал діни және террористік топтар өз мойнына алуы мүмкін әрі мұндай жергілікті тұрақсыздық ахуалы әлі де болса, ішінара қазіргі уақытта да тіркеліп жатыр. Әрине, мүдделі елдер террористік ұйымдардың әлеуметтік базасын тарылту мақсатында өзара іс-қимылын арттыру және негізгі міндеті әртүрлі ұлттық және ұлттық деңгейден жоғары тұратын құрылымдарды құру арқылы жекелеген субъектілердің кеңейіп жатқан террористік қызметіне бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Аймақ елдерінің үкіметтері террористік қауіп-қатерге қарсы тұру үшін ұлттық деңгейде шаралар қабылдауда. Нәтижесінде Орталық Азия елдерінің үкіметтері арасында террористік қауіп мәселесі бойынша өзара түсіністік қалыптасып, қолға алынған іс-шаралар аймақтың осы мәселені шешудегі тиімділігін арттырады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



