Қазақстандағы жастардың саяси қатысуындағы жаңа медианың рөлі
Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 207
Кілт сөздер:
саяси қатысу, жастар, Қазақстан, жаңа медиа, әлеуметтік желі, саяси және азаматтық белсенділікАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы жастардың саяси өмірге қатысуы мен жаңа медианың рөлі зерттеледі. Саяси қатысу мен әлеуметтік желілердің теориялықконцептуалдық мәні талқыланады. Зерттеу жұмысының мақсаты жаңа медианың жастардың саяси өмірге қатысуына қалай ықпал ететінін зерттей отырып, осы саладағы пікірталастарға өз үлесін қосу болып табылады. Жұмыстың гипотезасы ретінде «жаңа медиа жастардың саяси қатысуы мен белсенділігін арттыруға септігін тигізеді» деген тұжырымдама алынды.
Қазақстан мен Ресей жастарының әлеуметтік желілерді қолдануға қатысты зерттеу жұмыстарын негізге ала отырып, жастардың саяси қатысуы мен жаңа медианың
қарым-қатынасына талдау жасалады. Ресей мен Қазақстан жастарына саяси қатысу белсенділігіне салыстырмалы талдау жасалып, Қазақстан жастарының саяси қатысу ерекшеліктері анықталады. Аталған екі ел жастарының арасында ең жиі қолданылатын әлеуметтік желілер үштігі Вконтакте, Instagram, YouTube желілері
екендігі анықталды. Онлайн және офлайн қатысу ерекшелігін зерттеу мақсатында кейс-стади жүргізіледі. Қазақстан мен Ресейде болған саяси оқиғалар, атап айтқанда Ресейде Алексей Навальныйды қолдау мақсатындағы ірі наразылықтар мен
Қазақстандағы «Қанды қаңтар» оқиғасына талдау жасалады. Зерттеу барысындағы салыстырмалы талдау қорытындысы бойынша Қазақстан жастарының саясатқа деген қызығушылық деңгейі анықталды.
Зерттеу нәтижесінде қазіргі кезде жастар саяси ақпаратты әлеуметтік желілерді қолдану арқылы алатындығы тұжырымдалады. Болашақта Қазақстанда жастардың әлеуметтік желілердегі саяси және азаматтық белсенділігінің даму әлеуеті бар деген қорытынды жасалды. Яғни, қазіргі уақытта жастардың саясатқа жоғары деңгейде қызығушылығы болмаса да, уақыт өте келе саяси процестерге араласу бірте-бірте артуда. Сонымен қатар, олардың саясатқа онлайн қатысуы көп ұзамай өз позициясын офлайн түрде білдіруінің алғышарты болып табылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.