Қазақстан Республикасының аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі интеграциялық бастамаларының ерекшеліктері


Қаралымдар: 121 / PDF жүктеулері: 116

Авторлар

  • Н.О. Аккожина
  • Қ.Ғ. Даркенов
  • Ұ.М. Оракбаева

Кілт сөздер:

аймақтық қауіпсіздік, мәселе, Ауғанстан, халықаралық ұйымдар, Орталық Азия, терроризм, ынтымақтастық.

Аңдатпа

Бұл мақалада Орталық Азия аймағындағы жаңа геосаяси қауіп-қатер жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аймақтық аспектілері талқыланып, Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы қауіпсіздік стратегиясына талдау жасалды. Мақалада сыртқы ойыншылардың көп бағытты саясаты және ынтымақтастық элементтері зерттеледі. Қазіргі уақыттағы қауіпсіздікке қауіп төндіретін мәселелердің бірі, Талибанның билікті басып алуына байланысты Ауғанстандағы қазіргі жағдайдың Орталық Азияның аймақтық және саяси ортасына әсері талқыланады. Орталық Азияның аймақтық саяси ерекшеліктерін түсіну арқылы, ең алдымен, аймақ мемлекеттері ұжымдық ынтымақтастық тетіктерін құру арқылы аймақтың тұрақтылығын сақтау үшін сындарлы іс-әрекеттерді қабылдаудың ерекше қажеттілігі туындайды. Іс жүзінде өзара ынтымақтастықты тереңдету, өздерінің ұлттық мүдделерін неғұрлым тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында бар даулар мен келіспеушіліктерді шешу үшін ымыраға келу шешімдер бұл аймақта аса маңызды рөлді атқарады.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аккожина, Н., Даркенов, Қ., & Оракбаева, Ұ. (2023). Қазақстан Республикасының аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі интеграциялық бастамаларының ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 144(3), 129–137. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/77

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану