Көне түркілердің отырықшылық тұрмысындағы манихей және несториан діндерінің әсері


Қаралымдар: 38 / PDF жүктеулері: 39

Авторлар

Кілт сөздер:

Манихей діні, несториан діні, қала мәдениеті, көне түркілердің діни сенімі

Аңдатпа

Ерте дәуірден Орта Азияны мекендеген түркі халықтары шығыс және батыс мәдениетінің тоғысқан тұсында өмір сүріп, қала өркениеті мен дала өркениетін шебер үйлестіріп келді. Олардың рухани өміріне оңтүстіктен солтүстікке қарай үнді, парсы мәдениеті де күшті әсер етті. Яғни, Үнді және Парсы мәдениеттері алдымен Мауреннахрдегі және тарым бассейніндегі елдімекендерге таралып, одан соң Жетісу мен Еренқабырға (Тянь-Шань) тауының бөктеріндегі шағын қалаларға, елдімекендерге таралды. Сол себептен, Орта Азия дүниежүзіндегі барлық мәдениеттердің, соның ішінде барлық діндердің де өзара тоғысу аймағы болды. Түрлі діндер отырықшы аймақтарға ғана таралып қоймай, артынша көшпенді өмір салтын ұстанған далалық аймақтарда да кең таралды. Көшпенді түріктер өмір сүрген өңірлерде шағын елдімекендер, ғибадат орындары салынды. Сол кезде көшпенділер діни ұстанымы бар адамдардың бәріне қызығушылықпен және құрметпен қарады. Сонымен бірге, ұзақ уақыт бедерінде Орта Азия мен Шығыс Түркістанда және оған көрші жатқан аймақтарда aдaмзaттың әр түрлі мәдeниeті мeн рұхaни құндылықтары тығыз бәceкeгe түcті. Бұл біздің дәуріміздің І ғасырынан бacтaп Орта Азия мен Шығыс Түркістанның  және Орталық Моңғолияның географиялық тұрғыдан адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дамығанын көрсетеді. Мақалада ислам діні басымдыққа жеткенге дейін, бұл аймақта таралған манихей және несториан діндерінің жағдайы, жергілікті түркі халықтарының оларды қалай қабылдағаны, сондай-ақ, аталмыш діндердің жергілікті табиғи шарт-жағдаймен, қоғамдық-әлеуметтік ортамен қалай үйлесім тапқаны, саяси әсері, т.б. мәселелер қарастырылды. Манихей және несториан діндерінің түріктер арасына кең таралуының айғағы болып табылатын «Тоғыз ұйғыр Білге қаған ескерткіші» мен «Янчжоу» ескерткішіне тілдік және деректанулық тұрғыдан талдау жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

27.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қайыркен, Т., & Алькеева, Д. (2024). Көне түркілердің отырықшылық тұрмысындағы манихей және несториан діндерінің әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 148(3), 250–264. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/694

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану