Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудың әлеуметтік-саяси басымдылықтары
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 12
Кілт сөздер:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, қоғамдық сананың жаңғыруы, қоғамдық өмір салаларының жаһандануы, әлеуметтік-саяси құндылықтар.Аңдатпа
Мақалада стратегиялық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі
бағыттары қарастырылып, Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси және тарихи-мәдени құңдылықтарының
қоғамдық маңызды жобаларын жаңғырту талданған.
Мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобаларының Қазақстан аймақтары мен халықтың әлеуметтік
топтарына әсерінің деңгейін анықтайды.
Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі өлшемдері анықталып, олардың әсер ету тереңділігі
мен бағдарламалық міндеттердің табысты іске асуы қарастырылған. Бағдарламалық жобаның алты маңызды
бағыттары аталып өтілген ( «Жаңа гуманитарлық білім», «Латын әліпбиіне көшу», «Туған жер», «Жаhандағы
қазіргі қазақ мәдениеті», «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі географиясы»).
Н.Назарбаевтың мақаласы жарық көргеннен бері олардың орындалуына талдау жасалған. Осы негізде
«Руxани жаңғыру» бағдарламасының алты маңызды жобаларының орындалу тиімділігін арттыру мен
жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасалған.
Мақалада келтірілген қорытындылар мен ұсыныстардың бағдарламаны іске асырудың жаңа кезеңінде
басымдылықтарды анықтауда практикалық маңыздылығы зор.