Цифрландыру мен электрондық үкіметтің тиімді басқаруға ықпалы: Қазақстандағы жетістіктер мен проблемалар
Қаралымдар: 214 / PDF жүктеулері: 154
Кілт сөздер:
цифрландыру, электрондық үкімет, тиімді басқару, ақпараттық қоғам, цифрлық Қазақстан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, ашықтық, есептілікАңдатпа
Мақалада ақпараттық теория шеңберінде электрондық үкімет пен цифрландыруға қол жеткізудің міндеттері мен мақсаттары қарастырылады. Мақаланың мақсаты цифрландыру мен электрондық үкіметтің Қазақстандағы тиімді басқаруға ықпалын зерттеу болып табылады. Атап айтқанда, жаңа электрондық ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген экономика, әлеуметтік қатынастар, менеджмент, мемлекеттік қызмет, саясат және демократия мемлекеттік басқаруды оңтайлы бағытқа өзгерте алады. Қазақстандағы цифрландырудың қазіргі заманғы проблемаларына ерекше назар аударылады, электрондық үкіметке дайындық индексі (EGDI – e–Government Readiness Index), интернеттің ену көрсеткіші және интернет жылдамдығы сияқты цифрлық дамудың негізгі көрсеткіштері салыстырылады. Мақалада нормативтік құжаттарды, интернет-ресурстарды, БАҚ материалдарын контент-талдау әдістері, сондай-ақ SWOT-талдау әдісі пайдаланылды. Жүргізілген SWOT-талдау цифрландырудың күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ цифрлық теңсіздік, «интернеттің ену жылдамдығының төмендігі», сапалы отандық платформалардың болмауы және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық сияқты Қазақстанның геосаяси ерекшеліктерінен туындаған сын-тегеуріндерді көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңызы электрондық мемлекеттік қызметтің Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін жаңа параметрлерді, индикаторларды құру ұсынымдарынан тұрады.