АҚШ-тың Еуропа Одағына қатысты ұстанған саясаты


Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 20

Авторлар

  • Р.И. Тажибаев

Кілт сөздер:

АҚШ, күштерді теңестіру (баланс), Еуропа Одағы, сепаратизм, миграция, популизм, гегемония.

Аңдатпа

Бұл мақалада АҚШ-тың әлемдік гегемонияға барар жолдағы саясаты теориялық тұрғыда
түсіндіріліп, АҚШ-тың Еуропа Одағына қатысты ұстанымы соңғы кезде ЕО-та болып жатқан оқиғалар
шеңберінде қолға алынған. Қырғи қабақ соғыстың бітуімен НАТО блогындағы ЕО пен АҚШ арасындағы
әріптестік өзара бақталастыққа айнала бастайды. ЕО-тың өзінің саяси және әскери бүтіндігін қалыптастыру
әрекеті әлемді тек полярлыдан көпполярлыға айналдырады. Ал бұл өз кезегінде АҚШ-тың гегемониясына
қауіп төндіруі тұрғысынан өте маңызды.
Осыған байланысты араб көктемінің салдарынан туындаған ЕО-қа жаппай миграция, ЕО елдеріндегі
сепаратистік қозғалыстың күшеюі, «Брексит» үдерісі, «Панама құжаттары», ЕО елдерінде популизм мен жеке
бас және ұжымдық гедонизмнің жандануы секілді оқиғалардың маңыздылығы АҚШ-тың ЕО-қа қатысты
ұстанған саясаты тұрғысынан түсіндіру әрекеті жасалды. Рим империясының күйреуіне ұқсас үдерістердің
ЕО-та басталғанын немесе (сыртқы күштер тарапынан) бастатылғанын болып жатқан оқиғалар шеңберінде
түсіндіріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

13.06.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тажибаев, Р. (2019). АҚШ-тың Еуропа Одағына қатысты ұстанған саясаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 127(2), 69–85. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/622

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар