Мемлекеттік орган мен қоғамның коммуникативті қатынасының институционалды негіздері: қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесі


Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 18

Авторлар

  • Е.М. Арын
  • Р.С. Арын

Кілт сөздер:

коммуникация, қоғамдық институттар, билік, электронды үкімет, БАҚ тарихы, Қазақстан халқына жолдау, ақпараттық орта, қоғамдық кеңес.

Аңдатпа

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылым ретіндегі ширек ғасырлық тәжірибесі мемлекеттік
билік пен азаматтық қоғам институттары мен олардың өзара әрекеттестігін жаңғыртудың өзіндік «күн
тәртібін» анықтап берді.
Жас мемлекет ретінде қалыптасудың алғашқы жылдарында мемлекет тектес институттық басқарудан
демократиялық, әлеуметтік-жауапты, ашық азаматтық қоғам ұстанымдарына өтуде кешенді қиындықтарға
тап болды.
Ғылыми-аналитикалық мақалада жоғарыда келтірілгендердің негізінде қоғамдық институттардың, оның
ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік коммуникациясының тарихы мен даму тәжірибесіне кешенді
талдау жасалынады.
Мақаланың мақсаты – билік пен қоғамның коммуникацияны қолданудағы конструктивті тәжірибесін
кешенді бағалау, мемлекеттің коммуникациялық байланыс моделін қалыптастырудағы елдік және әлеуметтік-саяси ерекшеліктерін қарастыру, қазақстандық қалыптасу тәжірибесінің шарттарына сәйкес мемлекеттік
биліктің қоғам институттарымен түрлі коммуникациялық қатынастарының институционалды негіздерін
белгілеу, мемлекеттің коммуникативті қызметі тиімділігін арттырудың басым бағыттарын анықтау және
Қазақстан Республикасы материалдары негізінде оларды реттеудің жүйелі мәселелерін шешу.
Жұмыстың қорытындысында Қазақстан Республикасы қазіргі даму кезеңіндегі мемлекеттік билік пен
қоғам институттарының коммуникациялық байланысын жеделдетуге бағытталған нақты тұжырымдар мен
ұсыныстар беріледі. 

Жүктеулер

Жарияланды

13.06.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Арын, Е. ., & Арын, Р. . (2019). Мемлекеттік орган мен қоғамның коммуникативті қатынасының институционалды негіздері: қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 127(2), 17–30. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/615

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар