Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасуының саяси-құқықтық негіздерін талдау


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • Е.Т. Жұмағұлов
  • Д.Е. Көпежанова

Кілт сөздер:

басқару, жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті мемлекеттік басқару, жергілікті қоғамдастық, жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты заңнама.

Аңдатпа

Қазақстанды одан әрі демократияландыру қажеттігі туындаған кезде, жергілікті
өзін-өзі басқару институтын одан әрі дамыту мәселесі туындайды. Бірақта, бұл институтты дамыту
үшін оның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті құқықтық негізі қаланған ба деген сұрақ туындайды.
Бұл мақаланың жазылу себебін анықтайды.
Мақаланың негізгі мақсаты - жергілікті өзін басқару институтының қалыптасуының саяси
және құқықтық негіздерін қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін жергілікті өзін-өзі
басқаруды дамытуға негіз болған стратегиялық құжаттарға және нормативтік-құқықтық актілерге
сипаттамалық және салыстырмалық талдау жасалды.
Зерттеу нәтижесінде байқағанымыз бастапқы кезеңде жергілікті өзін-өзі басқарудың саяси
бастамалары орынды болғанымен, оның заңнамалық негіздері әлемдік тәжірибеде қабылданған
нормаларға сәйкес келмеді. Бірақта, жергілікті өзін-өзі жүйесін дамытуға байланысты заңнамаға
енгізілген өзгерістер және тұжырымдаманың қабылдануы жағдайды өзгертті. Ендігі мәселе осы
заңнаманың нақты ахуалға сәйкестігін анықтауда болып отыр.
Болашақта бұл жұмыстың нәтижелері жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша
бағдарламалар дайындауға, саясаттану, мемлекеттік басқару, саяси менеджмент және т.б. пәндер
бойынша дәрістерге дайындық үшін қолданылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

17.09.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жұмағұлов, Е. ., & Көпежанова, Д. . (2019). Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасуының саяси-құқықтық негіздерін талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 128(3), 32–39. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/601