Жаһандану кеңістігіндегі трансұлттық корпорациялардың экономикалық барлауы
Қаралымдар: 46 / PDF жүктеулері: 24
Кілт сөздер:
трансұлттық корпорация, жаһандану, экономикалық барлау, бәсекелестік барлау, өндірістік тыңшылық, жаһандық экономика.Аңдатпа
Мақалада жаһандану дәуіріндегі экономикалық барлау феномені мен оның трансұлттық
корпорациялар қызметтерінде жүзеге асу жағдайлары қарастырылады. Автор әлемдік сахнада халықаралық
акторлардың бәсекеге қабілетті қызмет ету факторы ретінде экономикалық барлауды қолданудың
басымдықтарын ашып көрсетеді. Жұмыстың өзектілігі трансұлттық корпорациялардың және олардың
барлау қызметтерінің халықаралық үдерістерге әсерлерін, сондай-ақ заманауи жағдайда сындарлы ойлауды
қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігін ашып көрсетуінде жатыр.