Неміс диаспорасының қазақ-неміс қатынастарын нығайтудағы рөлі
Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 59
Кілт сөздер:
диаспора, Германия, Қазақстан, депортация, мемлекетаралық қатынастар, неміс тілі.Аңдатпа
Кез келген мемлекеттегі диаспора - бұл саяси қарым-қатынас
институты және мемлекетаралық қатынастарды байланыстырушы көпір. Қазақстандағы
неміс диаспорасының тарихы 200 жылдан астам уақытты құрайды. Қазақ пен неміс
халықтарының достығы жер аударылған халықтың қиын тағдыры мен сыналған. Қазір
этникалық немістер Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға
үлкен үлес қосуда. Қазақстандық неміс ұлты көптеген салаларда табысты жұмыс істейді:
ауыл шаруашылық, туризм, медицина, қоғамдық секторда, екі ел арасындағы іскерлік және мәдени байланыстардың кеңеюіне өз үлестерін қосады, келіс сөздерде делдал ретінде
қызмет етеді. Бұл үлесті жоғары бағалай отырып, үкімет деңгейінде неміс диаспорасын
қолдауға күш салынуда. Этникалық немістер мәселесі бойынша үкімет аралық комиссия
құрылды, тиісті заңнамалық база қабылданды, жылдан-жылға неміс тілінің мәртебесі
нығайып келеді. Болашақта неміс диаспорасы мемлекетаралық қатынастарды дамытуда
«байланыс көпірі» рөлін атқарады, олар қазіргі кезде іс жүзінде жанжалсыз және достық
қарым-қатынаста өмір сүруде.