Өзбекстандағы қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру
Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 25
Кілт сөздер:
Кәсіпкер, экономика, қоғам, білім, реформа, мемлекет,кадрлар, бәсекеге қабілеттілік.Аңдатпа
Мақалада Өзбекстан Республикасында жаңа даму кезеңіндегі кәсіпкерлік
мәдениетін қалыптастыру процесіне әсер ететін ғылыми негіздер мен практикалық
аспектілер, мүмкіндіктер, объективті және субъективті факторлар қарастырылады. Мақала
өзекті - тақырып елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінің түрлі салаларында кәсіпкерлік
құрылымдарды қалыптастыру процесіне арналған. Автор кәсіпкерліктің теориялық
негіздерін қарастырып, демократиялық реформалардың басталуы және елдегі нарықтық
қатынастардың тереңдеуімен, кәсіпкерлік құрылымдарды құру процесіне назар аударды.
Реформалау процестерінің елдегі кәсіпкерлікті дамытудағы рөлін көрсетуді негізге
алды. Автор кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру процесін жоғары білім беру жүйесін
реформалау мәселелерімен, соның ішінде, жаңа университеттерді құру, Өзбекстанның
дамыған елдердің жетекші әлемдік университеттерінің филиалдарын ел дамуының жаңа
кезеңімен сәтті байланыстырды. Мақала авторы болашақ мамандар арасында кәсіпкерлік
мәдениетті қалыптастырумен тығыз байланысты қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті
кадрларды даярлау процесіндегі кемшіліктерге тоқталды.