XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресей империясы мен Қытайдың мемлекетаралық қарым-қатынастары
Қаралымдар: 57 / PDF жүктеулері: 26
Кілт сөздер:
Қиыр Шығыс, мемлекетаралық қатынастар, сауда қатынастары, Ресей, Қытай, шарттар.Аңдатпа
Бұл ғылыми мақалада XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресей мен
Қытайдың мемлекетаралық қатынастары қарастырылады, өйткені дәл осы кезеңде РесейҚытай қатынастары жүйесінде ірі өзгерістер болды. Қиыр Шығыстағы халықаралық жағдай
Ресейдің Қытаймен жақындасуына және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда
жинақталған проблемаларды шешуге ықпал етті. Екі мемлекет ХІХ ғасырдың ортасында
Шығыс Азияда неғұрлым белсенді рөл атқарған Англия және Франция – державалары бар
соғыс жағдайында болды. Бұл Қиыр Шығыстағы Ресей саясатының жандануына себеп
болды, атап айтқанда, Ресей мен Қытай арасындағы шекараларға қатысты мәселелерді
шешуге ықпал етті.