Қазақстан жастары әлеуметтенуінің қоғамдық-саяси факторлары


Қаралымдар: 45 / PDF жүктеулері: 29

Авторлар

  • Е.М. Арын
  • Р.С. Арын

Кілт сөздер:

жастар ресурстық орталығы, меритократия, жастар саясаты, қазақстандықтардың жаңа буыны, әлеуметтік мүдделер, саяси институттар, фокус-топтар, жастар іс-шаралары, қоғамдық-саяси белсенділік, жастар жылы.

Аңдатпа

Бұл мақалада жастарды әлеуметтендіру үдерістерін жетілдірудің ғылымипрактикалық және әдіснамалық аспектілері қарастырылады. Әлеуметтік-экономикалық
және қоғамдық-саяси ортадағы өзгерістер Жастар саласындағы деструктивті үрдістердің
негізі болып табылатын Neet-жастар феноменінің қалыптасуына алып келді. Авторлар
Қазақстан Республикасының үлгісінде жастарды әлеуметтендірудің бірқатар қоғамдықсаяси факторларын практикалық “қайта жүктеу” мүмкіндігін талдайды. Жұмыста негізгі
факторлар меритократизм, қоғамдық белсенділік, білім беру бағдары, әлеуметтік маңызды
жобаларға қатысу, ел жастарының фокус-топтарының мүдделерін сегменттеу және т.б.
қарастырылады. Мақалада қазіргі кезеңдегі жастар саясатын дамытудың бірқатар өзекті
қоғамдық-саяси мәселелерін шешуге ықпал ететін нақты тұжырымдар қарастырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

12.06.2020

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Арын, Е., & Арын, Р. (2020). Қазақстан жастары әлеуметтенуінің қоғамдық-саяси факторлары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 131(2), 38–44. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/559

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар