Парсы шығанағы елдерінің АҚШ-пен сауда қатынастары


Қаралымдар: 56 / PDF жүктеулері: 37

Авторлар

  • Н.К. Байбусинова
  • З.С. Ильясова

Кілт сөздер:

Парсы шығанағы, АҚШ, сауда қарым-қатынасы, интеграция, «Арабиялық алтылық», әскери қақтығыс, мұнай.

Аңдатпа

Мақалада Парсы шығанағы елдерінің АҚШ-пен әскери қақтығыстармен күрделене түскен
және ірі державалардың әсерінен туындаған сауда-экономикалық күрделі құрылымықарастырылады.
Бұл мақаланы жазудың негізгі мақсаты Парсы шығанағы елдерінің АҚШ-пен сауда қарым-қатынастарының тарихы мен ерекшеліктерін ашу болып табылады. Зерттеу барысында Парсы шығанағы елдерінің
даму фактілерін тарихи талдау және салыстыру-салғастыру әдістері қолданылған. АҚШ-тың ішкі саясатқа араласуы мен Ирандағы соңғы шиеленістер Парсы шығанағы елдерінің сауда-саттық қатынастары на тікелей әсер ететіндікпен осы аймақта жаңа әскери қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін.Осыған орай,
аймақтағы сауда көрсеткіштерінің төмендеуіне себеп болатын соғысты болдырмау үшін саяси диалогқа
жүгіну қажеттілігі туындайды. Зерттеу нәтижесінде Парсы шығанағы елдерінің АҚШ-пен байланыстардың негізгі аспектілері мен тарихи даму барысындағы қиындықтары көрсетілді.

Жүктеулер

Жарияланды

11.09.2020

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Байбусинова, Н. ., & Ильясова, З. . (2020). Парсы шығанағы елдерінің АҚШ-пен сауда қатынастары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 132(3), 20–29. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/546

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар