Абайдың «Ескілік киімі» өлеңіндегі этнографиялық ұғымдар
Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 111
Кілт сөздер:
Абай, этнографизмдер, историзмдер, киім-кешек атаулары, қазіргі түркі тілдері, көне түркі жазба мұралары.Аңдатпа
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Ескілік киімі» деп аталып жүрген төрт
шумақты өлеңінде ертедегі қазақ аңшы жігітінің киім-кешек, ат әбзелдері, құрал-жабдықтары суреттеліп көрсетілген. Өлеңде бұдан ертерек дәуірдегі көшпенділік мәдениеті көрініс тапқандықтан сол кезеңге тән,әрі қазіргі күні қолданыла бермейтін этнографизм, историзмдер көп кездеседі. Этнографиялық ұғымдар мен историзмдердің
кейбірінің мағынасы түсініксіз болғандықтан, олардың негізгі мәндерін анықтау үшін
түркі жазба ескерткіштері мен тілдері материалдарына жүгіну қажет болды.Мақалада қазіргі кезде қолданыла бермейтін, әрі кейбір мағынасы түсініксіз этнографиялық
атаулар тарихи-салыстырмалы әдіс бойынша талданды.