Ресей мен Еуроодақтың газ секторы ынтымақтастығы аясындағы солтүстік ағындар жобалары
Қаралымдар: 39 / PDF жүктеулері: 31
Кілт сөздер:
газ секторы, Ресей, Еуроодақ, газ құбыры, өндіру, текетірес, қызығушылық, Солтүстік ағын, Солтүстік ағын-2.Аңдатпа
Мақалада Солтүстік ағындар арқылы энергетикалық салада Ресей мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі сұрақтары қарастырылды. Жалпы әлем форматында, атап айтқанда, Ресей мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас шеңберінде газ саласындағы жағдайға талдау жасалды.
Солтүстік ағындар Ресейдің негізгі газ құбырлары ретінде қарастырылды. Экономикалық факторлармен
қатар, газ саласында РФ мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға әсер ететін саяси факторлар көрсетілді. Мақала авторлары Солтүстік ағын бойынша келісімдерді іске асыруда қол жеткізілген
нәтижелерді жинауға, сонымен қатар, проблемаларды шешудің жолдарын талдауға тырысты.