«Бір белдеу - бір жол» бастамасының Қазақстан мен Қытай үшін ұтымды тұстары
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 56
Кілт сөздер:
«Белдеу және жол» бастамасы, Қытай, Қазақстан, Нұрлы Жол, бағдарламаларды жақындастыру.Аңдатпа
Қытайдың «Бір Белдеу Бір Жол» бастамасы - бұл халықаралық саладағы Қытайдың ықпалын кеңейтуге және нығайтуға бағытталған ұзақмерзімді саясат. Ол әлемнің көптеген елдерін қамтиды
және өзара экономикалық өсуге қол жеткізуге ниеттенеді. «Бір Белдеу Бір Жол» бастамасы арқылы Қытай инфрақұрылымды дамыту арқылы шағын және үлкен елдермен көптеген стратегиялық серіктестік
орнатуда: Жаңа Жібек жолы бойымен Азиядан Еуропаға дейінгі бағыттар; Орталық Азия мен Қытай
арасындағы мұнай-газ құбырларын салу; және жаңартылған теңіз порттары. Бұл мақала қытайдың бастаманың ұзақ мерзімді әсері бар гегемониялық тұрақтылық теориясының дәлелі ретінде талдайды;
«Бір Белдеу Бір Жол» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының сәйкескен тұстарын Қазақстанның қысқа
мерзімде дамуына әсер етуімен байланыстыру. Қолданылатын әдістер: теория қалыптастыру және Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті орнату мақсатындағы екі бағдарламаның сәйкескен тұстарын салыстырмалы түрде талдау.