Глобальные города Востока: концептуально-эмпирический анализ зарубежных исследований
Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 24
Кілт сөздер:
«жаһандық қала», рейтинг, халық, мұсылман әлемі, «шығысазиаттық керемет», экономика, урбандалу, мегаполис, агломерация, «хай-тек» стилі.Аңдатпа
Мақала Шығыстың жаһандық қалаларын зерттеушілердің ізденістері
мен тұжырымдамаларын айқындауға және «шығыс-азиаттық» жаһандық қалалардың
ерекшеліктерін көрсетуге арналған.
ХХ ғасырдың басым бөлігінде бұл аумақ әлемнің ең аз урбандалған
аудандарының қатарында болса, қазіргі кезде қалалары тез өсіп, өңірлік және жаһандық
урбанистік иерархияда ірі орталықтарға айналды. Шығыс елдерін зерттеушілер әлемдік
қалалар атағына үміткер 16 ірі мегаполисті, атап айтқанда Токио, Осака, Кобе, Пекин, Гонконг, Шанхай, Гуанчжоу, Сеул, Пусан, Тайбэй, Сингапур, Бангкок, Манила,
Джакарта, Куала-Лумпур және Стамбул қалаларын бөліп көрсетеді. Бұл тізімдегі
Токио, одан кейін Гонконг «жаһандық қалаға» енген, ал Сеул мен Тайбэй «таяуда
индустрияланған елдердің» ұлттық үлгісі ретінде әлемдік қалалардың дәрежесіне
ауысқан. Шығыстың жаһандық қалаларына қатысты осы және өзге мәселелер шетелдік
және ресейлік авторлардың ізденістері мен талдауларына негізделеді.