Жапониядағы «Society 5.0» концепциясының алғышарттары мен жүзеге асырылуының негізгі үдерістері
Қаралымдар: 59 / PDF жүктеулері: 46
Кілт сөздер:
society 5.0, digital қоғам, digital immigrants, dgital natives, әлеуметтік қоғам, жасанды интеллект, IoT.Аңдатпа
Жапония – технологиясы аса қарқынды даму үстіндегі ел. Тек экономикалық бағытта ғана емес, жан жақты бағытта ерекшеленіп, дәстүрлі құндылықтарын құрметтейтін заманауи ел болып табылады. Мақаланың негізгі мақсаты - Жапониядағы «Society 5.0» концепциясының даму бағыттарын бөліп қалыптастыра отырып, олардың мақсат-міндеттерін анықтау. Ақпараттық технология мен цифрлік қоғамның қатар жүруі концепцияның даму ерекшеліктерін көрсете отырып, оның маңызды теориялық негіздемелері ұсынылады. Теориялық алғышарттардан бөлек цифрлік қоғамның даму бөліктері суреттеледі. Яғни, цифрлік иммигранттар мен аборигендер, цифрлік қоғамға өтушілер және цифрлік қоғамда туылғандар деп көрсетіледі. Сонымен бірге, олардың заманауи технологияны меңгеру жолдары анықталады. Бұл дегеніміз, Жапония біржақты дамып, басқа елдердің тәжірибесіне сүйену емес, керісінше цифрлік қоғамның орын алуына атсалысқан Еуропа елдерінің де бірнеше мысалдарын көрсету. Сонымен қатар, «Society 5.0» концепция бағыттарын әртүрлі салада көру арқылы, орын алған артықшылықтары мен кемшіліктерін ұсынып, заманауи технологияны тек жастар ғана емес қарттар қоғамы да пайдалана алатындай қоғамның болуымен қорытынды жасалынды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.