Корея Республикасының «шетелдік отандастарына» қатысты саясаты (Корё Сарам мысалында)
Қаралымдар: 36 / PDF жүктеулері: 93
Кілт сөздер:
диаспоралық саясат, шетелдік диаспора, құқықтық мәртебе, корё сарам, корёин, жұмсақ күш, қоғамдық дипломатияАңдатпа
Оңтүстік Корея өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап «шетелдік отандастарымен»
белсенді қарым-қатынас жасауда. Диаспоралық саясат елдің сыртқы саясатының бір бөлігі, әрі сыртқы
істер министрлігінің құзырында. Оны үйлестіру ісіне СІМ қарамағындағы тиісті комитет жауапты, ал
Шетелдік корейлер қоры осы саясатты жүзеге асыруға тікелей араласады. Корей диаспорасымен қарым
- қатынас «Шетелдік корейлер туралы» және «Шетелдік корейлер қоры туралы» заңдарымен реттеледі.
Бұл заңдарда жүргізіліп отырған саясаттың мақсаты мен шетелдік диаспораның құқықтық мәртебесі
айқындалған. Шетелдік корей диаспорасы шетелде тұратын Оңтүстік Корея азаматтары мен корей диаспорасын қамтитын «шетелдік отандас - чеве донгпхо» ұғымымен анықталады.
Мақалада ТМД елдеріндегі корейлер - корё сарамға қатысты Корея Республикасының диаспоралық саясаты зерттеледі. Және олардың құқықтық мәртебесіне ерекше назар аударылады. Нормативтік
құқықтық актілердегі өзгерістерге жасалған талдауда корё сарамның 2004 жылға дейін Қытайда тұратын
корейлер сияқты шетелдік отандастар қатарына заңды түрде енгізілмегенін көре аламыз. 2004 жылы
шетелдік корейлер түсінігінің анықтамасына түзетулер енгізілгеннен кейін ғана бұл жағдай өзгерді.
Оңтүстік Кореяның ТМД елдеріндегі корейлерге қатысты диаспоралық саясаты корё сарамды қолдау
Бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Кейін, 2010 жылы «Корё сарам туралы заң» қабылданса, 2019
жылы нормативтік құқықтық актілерге тағы бір өзгеріс енгізіледі. Оған сәйкес, бұрын көрсетілгендей
корё сарамның 3-ші ұрпағы ғана емес, барлық ұрпағы шетелдік корейлер қатарына жатқызыла бастады.