Интеллектуалды миграцияны зерттеудің теориялық қырлары
Қаралымдар: 80 / PDF жүктеулері: 35
Кілт сөздер:
зияткерлік көші-қон, ақыл-ойдың ағуы, мамандар, инновациялар, процесс, ақыл-ой айналымы, адами капитал.Аңдатпа
Мақалада әлемнің барлық елдері психикалық қатынастарының өзара байланысын көр-сететін зияткерлік көші-қон мәселесін теориялық зерттеу барысы талданады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап халықаралық қоғамдастықтың субъектісі ретінде әлем елдерімен еркін қарым-қатынас орнатқаны белгілі. Соған қарамастан, саяси тұрақтылықтың арқасында экономикалық дамып келе жатқан мемлекет ғылыми, инновациялық, техникалық тұрғыдан әлемнің дамыған елдерімен бәсекеге түсу өте қиын. Сондықтан білімді мамандардың, үздік студенттердің елден кетуі ақыл-ойдың ағып кетуіне әкеледі. Бұл мәселенің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерді барлық сыртқы саяси ғылымдар тұрғысынан зерттеу өзекті болып отыр. Ғылыми мақалада зияткерлік көші-қонның теориялық негізін зерттеу үшін талдау, синтез, қорытындыларды жіктеу сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылды. Жоға-рыда аталған әдістерді қолдана отырып, осы мәселеге қатысты зерттеушілердің теорияларын жүзеге асыру және зерттеу негізі ретінде елдің психикалық ағымына қатысты мәселелерді қарастыру қажеттілігі туралы қорытынды ұсынылды.