Өзбекстанмен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастардың теориялық аспектілері (1991 -2016 ж.)
Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 75
Кілт сөздер:
неореализм, неолиберализм, өркениеттік көзқарас, когнитивтік процестер және психологиялық көзқарас, аймақтық интеграция.Аңдатпа
ХХ ғасырдың 90-жылдары әлемдік саяси аренада биполярлық әлемдік тәртіптің құлдырауы және Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде халықаралық қатынастар жүйесіндегі трансформация процесі үлкен айналымға түсті. Әлемде болып жатқан бұл үдерістер тәуелсіздікке қол жеткізген Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарда да көрініс табуда. Өзбекстанмен Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі екі мемлекет болып табылады және мақаланың өзектілігі екі ел арасындағы экономикалық даму, қауіпсіздік, саяси тұрақтылық, аймақаралық ынтымақтастық және аймақ ішіндегі интеграция процестері жағдайымен тығыз байланысты екендігімен анықталады. Сондықтан да еліміздің сыртқы саяси мүддесін ілгерілетуде көршілес Қазақстанмен ғасырларбойы қалыптасқан достықты, тату көршілік пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Осы орайда көршілес Қазақстанмен қауіпсіздік, сауда-экономикалық, су-энергетика, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз ынтымақтастықтыңсапасын арттыру өте маңызды. Мақалада Өзбекстан мен Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі 25 жылды қамтитын қарым-қатынастың теориялық аспектілерін кешендізерттеуге арналған. Мақаланың мақсаты –екі ел арасындағы жан-жақты қарым-қатынастар тарихын теориялық тұрғыдан негіздеу, сондай-ақ әртүрлі парадигмаларды қолдана отырып, екіелдің қарым-қатынасында сәтсіздікке ұшыраған аймақтық интеграциялық процестерді талдау болып табылады. Екіжақты қатынастарды дамытудағы екі мемлекет басшыларының рөлін ғылыми талдауға көп көңіл бөлінеді.Әдіснаманыңнегізін тарихи-салыстырмалы, жүйелендіру, проблемалық-хронологиялық, контент-талдау және сараптамалық әдістер құрады. Екі жақты өзбек-қазақ қарым-қатынастары жан-жақты және бірегей күрделі болып табылады, сондықтан екі мемлекет арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды ашу үшін халықаралық қатынастар теориясына бірқатар заманауи парадигмалар мен тәсілдер қолданылды.