Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесуі контексіндегі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» түсінігі


Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 103

Авторлар

  • Ж.С. Керимкул

Кілт сөздер:

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» түсінігі, азаматтық қоғам, демократия, мемлекет пен қоғамның өзара әрекеті, қоғамдық диалог.

Аңдатпа

Бүгінгі таңда Қазақстан демократияландырудың жаңа кезеңінде болып табылады. Бұл
процестің маңызды көріністерінің бірі – мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының
күшеюі. Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев 2019 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «халыққа құлақ
асатын мемлекетті» қалыптастыру идеясын айтты. Ол мемлекеттік аппарат пен халық арасындағы өзара
іс-қимылды түрлендіруге және оны жаңа деңгейге шығаруға арналған. Бұл идеяны жүзеге асыруда бұл
анықтаманы оның құрылымдық элементтерімен саяси процестер архитектурасының жазықтығына аударудың маңызы ерекше. Осы тұжырымдаманың мәні мен негізгі ережелерін ашып көрсету, мемлекеттік
шешімдерді қабылдауға ықпал ету субъектілерін анықтау және тұтастай алғанда тұжырымдаманы мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының теориялық негіздері призмасы арқылы қарастыру осыны
жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
Мақалада мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуді зерттеудің теориялық тәсілдеріне шолу жасалады: плюралистік демократия, корпоративизм, неокорпораторизм, клиентизм, сондай-ақ «желілік»
тұжырымдама тәсілдері. Осы тәсілдер аясында мемлекетпен өзара әрекеттесу субъектілері, құралдары
және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты құру, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының саяси шешімдер қабылдауға әсері анықталды. Сипаттамалық белгілерді анықтай отырып, осы теориялық
тәсілдер мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына салыстырмалы талдау жасалынған.
Автор «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бірқатар теориялық тұжырымдамалардың элементтерін қамтиды және бұл тәсілдердің қатаң түрде көрінісі емес деген тұжырымға келеді.
Халықпен диалог құруға және оны саяси шешімдер қабылдау үдерісіне тартуға осындай кешенді тәсіл
Қазақстандағы демократиялық принциптерді нығайтуға бағытталған.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Керимкул, Ж. . (2022). Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесуі контексіндегі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» түсінігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 140(3), 41–50. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/398

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар