Зерттеуді қажет ететін армян-қыпшақ мұраларының әдеби-мәдени деректемелері


Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Б.С. Жиембай
  • M.M. Косыбаев
  • Л.К. Мейрамбекова

Кілт сөздер:

мәденимұра, армян-қыпшақ ескерткіштері, тарихи жылнамалар, заң кодекстері және акт құжаттары, филологиялық еңбектер, діни еңбектер, көркем шығармалар, жаратылыстану ғылыми еңбектері.

Аңдатпа

Қазақстанныңдәлбүгінгі қоғамдық өмірінде тарихқойнауында жинақталған бағалыдеректерге баса назар аударудың маңызызор. Ел тарихына қатысты барлық құнды жазбалардың тыңғылықты
зерттелуі – егеменді мемлекетіміздің тарихы мен болашақтағы таным-ұстанымының қалыптасуына
көмектеседі.
Орта ғасырда Еуразия кеңістігінде Дешті қыпшақ мемлекетін құрып, әлемдік өркениет пен мәдениетке өз үлесін қосқан қыпшақтардың артында қалған мол мұра әр кезеңде түрлі әліпбилермен жазылғаны мәлім. Армян графикасымен қыпшақ тілінде жазылған мұралар дін, әдебиет, тарих, құқық,
философия, жаратылыстану ғылымдарына негізделіп, өмірдің саяси-экономикалық, тарихи-мәдени салаларын қамтыды. XX ғасырдан ғалымдардың тыңғылықты зерттеу нысанына айналған армян-қыпшақ
мұралары шетелдік басылымдарда жарияланып, транскрипцияланып, сөздіктермен, аудармалармен
толықтырылып, сыры күн санап ашыла түсті. Ғалымдар тарапынан сан түрлі ғылыми пайымдаулар мен
көзқарастар толастамай, «армян-қыпшақ» термині ғылымға енгізіліп, орта ғасырдағы қыпшақтар мен
армяндардың өмірі мен тіршілігі,мәдени байланыстары соны зерттеулерге арқау болды. Бүгінде осынау
ауқымды жанрлық сипатта жазылған армян-қыпшақ мұраларының тілдік ерекшеліктерін тереңірек
зерттеу қажеттілігі сезіледі.

Қосымша файлдар

Жарияланды

30.12.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жиембай, Б., Косыбаев M. ., & Мейрамбекова, Л. (2022). Зерттеуді қажет ететін армян-қыпшақ мұраларының әдеби-мәдени деректемелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 141(4), 206–216. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/393

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану

Most read articles by the same author(s)