Оңтүстік Кореядағы мультикультурализм саясатына либералдық және консервативтік тәсілдер


Қаралымдар: 44 / PDF жүктеулері: 33

Авторлар

  • А.С. Егемберген
  • Н.Б. Ем

Кілт сөздер:

мультикультурализм; көші-қон саясаты; Корей қоғамы; Корей либерализмі; Корей консерватизмі.

Аңдатпа

Мақалада Оңтүстік Кореядағы мультикультурализм саясатына либералдық және консервативті көзқарас қарастырылады. Мақаланың шығарылымында Оңтүстік Корея қоғамындағы мультикультурализм саясаты төңірегіндегі қоғамдық-саяси пікірталас қарастырылған. Мақалада мультикультурализм саясаты неге дәйекті емес екенін түсіну үшін әлеуметтік-саяси дискурсқа жүгіну қажеттілігі
негізделеді. Салыстырмалы талдау жүргізу кезінде ең көп талқыланатын бес орталық мәселе анықталды:
еңбек көші-қоны; неке көші-қоны; көпмәдениетті отбасылар және осы отбасылардағы балалар; Қытайдан және посткеңестік елдерден этникалық корейлердің иммиграциясы; Солтүстік Кореядан қашқындарға деген көзқарас. Зерттеу нәтижесінде консервативті көзқарас ұлтшылдыққа жақын, ал көпмәдениеттілік саясатындағы либералдық көзқарас Батыс елдерінің үлгісін басшылыққа алады, бірақ кейбір
аспектілерде ғана.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Егемберген, А. ., & Ем, Н. . (2022). Оңтүстік Кореядағы мультикультурализм саясатына либералдық және консервативтік тәсілдер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 141(4), 164–171. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/389

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану