Қазақстан және Еуропалық одақтың демократия принциптері саласындағы әріптестігі


Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 58

Авторлар

Кілт сөздер:

интеграциялық байланыстар, сыртқы саясат, Еуропалық Одақ, БҰҰ, демократия, құқық, қауіпсіздік, әріптестік, келісім, парламент

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік байланыстардың тарихы ашылады. Екі тарап арасында жасалған 1995 жылғы және 2015 жылғы Келісімнің мәні талданады. Мақаланың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында жасалған келісімнің демократияны дамытуға қосқан үлесіне баға беру. Екі келісімдегі баптар арнайы қарастырылады. Адам құқығы, заңның үстемдігі, азаматтардың пікір еркіндігі мен сайлау құқығы сияқты мәселелердің шешілу жолдары сипатталады. Автор екі келісімнің демократиялық принциптерді дамытуға қосқан үлесін анықтайды.

Қазақстан Республикасы өз егемендігінің алғашқы жылдарында ең алдымен мемлекеттік егемендікті нығайтуды мақсат етті. Сол себепті де сыртқы саясаттың басты ұстанымдары ретінде территориялық тұтастықты сақтау, экономикалық даму мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғам өміріндегі саяси тұрақтылық пен құқықтың үстемдікке ие болуына көмектесетін халықаралық ұйымдар және мемлекеттермен тығыз байланыстар орнатты. Мемлекеттегі демократияны дамытуға көп көңіл бөлді. Еуропалық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге көп мән берілді. Посткеңестік кеңістіктегі Еуразиялық одақпен қатар, демократиялық принциптер ертеден орнаған Еуропа елдерімен тығыз байланыстар орнатылды. Сондықтан БҰҰ, ЕҚЫҰ сынды ұйымдарға мүшелікке өтті. Дамыған мемлекеттермен дипломатиялық байланыстар орнатып, мемлекетті тиімді басқару сияқты мәселелерде тәжірибелер алмасты. Ерекше назар – Еуропалық Одаққа берілді. Өйткені одақ құрамындағы  Еуропа мемлекеттерінің демократиялық билік ісінде ұзақ жылғы тәжірибесі бар еді. Еуропа мемлекеттерін біріктірген қауымдастық та Қазақстанның бастамасын белсенділікпен қолдады. Қазақстанның маңызды геосаяси жағдайы шешуші роль атқарады. Сонымен қатар Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлі де жоғары саналады.

Жүктеулер

Жарияланды

28.06.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сарсенбаева, Ж. (2024). Қазақстан және Еуропалық одақтың демократия принциптері саласындағы әріптестігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 147(2), 42–56. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/226

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар