Дәстүрлі және инновациялық құндылықтардың бағыттары мен мазмұнын анықтайтын қағидалар
Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 86
Кілт сөздер:
дәстүрлі және инновациялық құндылықтар, жаһандану, іргелендіру қағидасы, стандарттау қағидасы, ізгілендіру қағидасы, демократияландыру қағидасы, ақпараттандыру қағидасыАңдатпа
Қоғам мүшелерінің құндылық бағдарларындағы үздіксіз өзгерістер осы процесті зерттеу міндетін қойып отыр. Осы уақытқа дейін саяси ғылымдарда дәстүрлі және инновациялық құндылықтардың бағыттары мен мазмұнын анықтайтын қағидалар әлі де сыни талдаудан өткен жоқ. Сондықтан жaһaндaну шарттарында туындаған өзгeрістер динaмикacындағы дәстүрлі және инновациялық құндылықтар арасындағы қатынасты заманауи зерттеулерде анықтау өзекті болып табылады деп санаймыз. Теориялық талдау жүргізілген зерттеуде диалектикалық, салыстырмалы-тарихи, құрылымдық-функционалдық, дедуктивті және индуктивті талдау әдістері қолданылды. Бұл мақаланың басты мақсаты – дәстүрлі және инновациялық құндылықтардың бағыттары мен мазмұнын анықтайтын қағидаларды саясаттанулық тұрғыда жүйелеу. Мақсатты жүзеге асыру үшін дәстүрлі және инновациялық құндылықтар ұғымдарының мәнін дәйектеу арқылы ұсынылып отырған қағидалардың мағынасын анықтау міндеттерін қойдық. Негізгі қағидалар ретінде іргелендіру, стандарттау, ізгілендіру, демократияландыру және ақпараттандыру алынды. Кіріспе бөлімде дәстүрлі және инновациялық құндылықтар ұғымдарының негізгі тұжырымдамаларын анықтап, зерттеліп отырған мәселенің тұжырымын, мақсатын және тарихын дәйектедік. Талқылау және нәтижелер бөлігі 5 тармақшаға бөлініп, әр тармақшада ұсынылған қағидалар негіздерін дәлелдедік. Саяси жаңғыру мен үздіксіз саяси реформалар жүріп жатқан қоғамда дәстүрлі және инновациялық құндылықтар қатар өмір сүретін әлеуметтік кеңістік қалыптасады деген қорытындыға келдік.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.