Қытайдың монетарлық саясаты: Қазақстан үшін тәжірибе


Қаралымдар: 118 / PDF жүктеулері: 45

Авторлар

  • Э.М. Кагазбаева
  • М.К. Аксакалова

Аңдатпа

Мақалада ҚХР орталық банкінің ақша-несие саясаты және оның жеке құралдарының экономикалық өсуге әсері талданады. Қазақстанның ақша-несие саясатына әсер ететін экономикалық және саяси проблемалары қарастырылады.

Ғылыми мақаланың мақсаты Қытай экономикасын дамытудың монетарлық механизмінің ерекшеліктерін айқындау, Қытайдың монетарлық саясатының инновациялық құралдарын зерделеу және Қазақстан Республикасының монетарлық саясатын жетілдіру бойынша практикалық сипаттағы ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Қытай ақша-несие саясатын жүргізудегі жалпы әлемдік тенденцияларды көшіруді көздемейді, бірақ елдегі жағдайды бағалай отырып, қазіргі қажеттіліктерге байланысты шешімдер қабылдайды. Қазіргі уақытта Қытайдың Орталық банкі тәуелсіз монетарлы саясатын жүргізеді және оны жүзеге асыру үшін бірқатар классикалық және заманауи құралдарды қолданады.

Зерттеуде жалпы ғылыми әдістермен қатар салыстырмалы және статистикалық әдістер де қолданылды. Зерттелетін сипаттамаларды талдау үшін монетарлық саясаттың негізгі құралдарының статистикасы, Халықаралық Валюта Қоры мен ҚХР Орталық банкінің талдамалық есептері, сондай-ақ монетарлық саясаттың өзгеруі туралы ғылыми мақалалар қолданылады.

Автордың пікірінше, Қытайдың ақша-несие саясатындағы дәстүрлі және инновациялық құралдарды, сондай-ақ дамушы Қытайдың жалпы оң тәжірибесін біріктіру Қазақстандағы ақша-несие саясатының тетіктерін жетілдіру үшін қажет. Қытайдағы реформалардың тәжірибесі мемлекеттің өз саясатында тарихи қалыптасуы мен даму заңдылықтарын ескере отырып дамыған елдердің озық тәжірибелеріне сүйенетіндігінің арқасында мемлекеттің сәтті болғанын көрсетеді. Аз дамыған қоғам неғұрлым дамыған қоғамның заңдарына сәйкес жұмыс істей және дами алмайды. Қазақстанға монетарлы саясатын жүргізудегі Қытайдың озық тәжірибелерін зерделеу және қабылдау ұсынылады: экономиканың нақты секторын дамыту және экономикалық өсуді ынталандыру; ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау; инфляцияны экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде ұстап тұру.

Әдебиеттер тізімі

Cheng W., Zhang D. A monetary model of China-US trade relations // Economic Modelling. – 2012. – № 29. – Р. 233–238.

Shen C. H., Lin K. L., Guo N. Hawk or dove: Switching regression model for the monetary policy reaction function in China // Pacific-Basin Finance Journal. – 2016. – № 36. – Р. 94–111.

Селищев А.С., Селищев Н.А., Селищев А.А. Финансовые рынки и институты Китая / А.С. Селищев, Н.А. Селищев, А.А. Селищев. – Москва: ИНФРА-М., 2018. – 258 б.

Черкасов В.Ю. Реформы макроэкономической политики Китая и их современный этап (2013-2016 годы) // Деньги и кредит. – 2016. – №. 11. – Б. 62-74.

The People’s Bank of China [Электрон. ресурсы] – 2018. – URL: https:|www/pbc/gov/cn (қарастырылған күні: 13.08.2020).

Цвигун И.В., Сизых Е.Ю. Инновационные инструменты монетарной политики Китая: опыт для России // Инновационные технологии в экономике и бизнесе: материалы II Международной науч. конф. Кемерово, 2017. – Б. 178-188.

Mishkin F.S. Financial Markets and Institutions / F.S. Mishkin. – New York: Pearson Higher Ed, 2018. – 712 p.

Sun R. What measures Chinese monetary policy? // Journal of International Money and Finance. – № 59. – 2015. – Р. 263-268.

Оразалинова М.Н. Перспективы применения режима инфляционного таргетирования в Республике Казахстан // Вестник университета Туран. – №3 (71). – 2016. – Б. 194-199.

Додонов В.Ю. Государственные финансы Казахстана: тенденции и влияние на уровень жизни населения // Диалог: политика, право, экономика. – 2018. – №2(9). – Б. 36-50.

Международные резервы и активы Национального фонда РК // Национальный Банк Республики Казахстан: официальный интернет-ресурс [Электрон. ресурсы]. – 2021. – URL: http://www.nationalbank.kz/?docid=285&switch=russian (қолданылған күні: 09.07.2020)

Денежное обращение и кредитование: стат. бюл. / Евразийская экономическая комиссия. [Электрон. ресурсы]. – 2021. – URL: http://www.eurasiancommission.org/ru/act/ 2016.pdf (қарастырылған күні: 25.08.2020).

Зиябеков Б., Акиндеев Ю.А., Якушев И.В. Стратегия модернизации управления финансовой системой Республики Казахстан // Инновации и инвестиции. – 2019. – № 11. – Б. 74-84.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кагазбаева, Э., & Аксакалова, М. (2022). Қытайдың монетарлық саясаты: Қазақстан үшін тәжірибе. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 138(1), 68–78. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/140

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар