Алтын Орда ханы Тоқтамыстың Литваның Ұлы князі Ягайлоға жолдаған жарлығындағы әлеуметтік-саяси лексемаларға лексика-семантикалық талдау
Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 62
Аңдатпа
Мақала Алтын Орда ханы Тоқтамыстың 1393 жылы шамасында Литва князі Владислав
Ягойлға жолдаған «Жарлығының» тілін зерттеуге арналған. Алтын Орда дәуірінде Жошы ұрпақтарынан тараған хандар мемлекеттің ішкі және сыртқы байланыстары үшін көптеген хан жарлықтарын
жариялап, хаттар жолдап отырды. Бұл құжаттарда аса бай тарихи және лингвистикалық мағлұматтар
сақталған. Мұндай ескерткіштердің едәуір бөлігі, соның ішінде «Жарлық» мәтіндері көне қыпшақ тілінде жазылған. Бұл ескерткіштің тілдік жүйесін, атап айтқанда, лексикалық семантикасын зерттеу түркітану ғылымы үшін өзекті әрі өте қажетті болып табылады. Мақалада жазба ескерткіштің қоғамдық-саяси лексемалары қарастырылып, олардың синтагматикалық және парадигматикалық байланыстардағы
мағыналық мүмкіндіктері ашылады, сондай-ақ жазба ескерткіш мәтінінің семантикалық өрісінің бір
бөлігі ретінде сөзжасамдық ассоциациялық бірліктер белгіленеді. Мақаланың алға қойған міндеттерін
жүзеге асыру үшін автор этимологиялық және салыстырмалы әдістерді де пайдаланады. «Жарлықтардың» семантикасын зерттеу Алтын Орда дәуіріндегі Еуразия даласының мәдени және қоғамдық-саяси
жағдайын жаңаша түсіндіруге мүмкіндік береді.