Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара ынтымақтастық
Қаралымдар: 252 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 1032
Аңдатпа
1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет Түркия Республикасы болды. Түркияның осындай достық әрекеті жас мемлекет үшін өте
маңызды моральдық қолдауға айналды. Екі ел арасындағы ортақ мәдени және тарихи
тамырлармен қатар, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Түркия ұсынған жан-жақты
қолдау екіжақты қатынастардың жедел және серпінді дамуына негіз болды. Түрік-қазақ
қатынастарының даму динамикасы және осы қатынастардың стратегиялық серіктестік деңгейінде құрылуы көптеген өңірлік және халықаралық мәселелерде мүдделерінің
ұқсастығын көрсетеді. Түркияның өңірдегі және әлемдік саясаттағы стратегиялық
маңыздылығын түсінетін Қазақстан сияқты, Түркия да Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші рөлін қабылдайды және Қазақстанды аймақтағы ең маңызды серіктесі
деп санайды.
Мақалада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы әріптестік
мəселесі қаралып, осы орайда қазіргі таңдағы екі мемлекет арасындағы басым бағыттар
мен өзекті мəселелер сипатталған. Қазақстанмен тарихи байланысы тереңде жатқан
Түркия бүгінде еліміздің Еуразия құрлығындағы маңызды əрі сенімді əріптесі болып табылатындығы дəйектеледі. Осы себептен де мақалада негізінен қазақ-түрік қатынасындағы қарқынды дамып келе жатқан салалардағы ынтымақтастықтың даму деңгейі мен
болашағына жан-жақты сараптама жасалынған. Сонымен қатар мақалада екіжақты
инвестиция салу мəселесін жетілдіру қажеттілігі де қарастырылады.