Монғолиядағы халықаралық көші-қон ағымдарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық себептері


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-122-141

Кілт сөздер:

Халықаралық көші-қон ағындары, экономикалық жағдайлар, жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық факторлар, Моңғолия

Аңдатпа

Социалистік кезеңде монғол азаматтарының шетелге қоныс аудару және саяхат жасау құқықтары шектеулі болды. Халықтың көші-қоны тек мемлекет қатаң бақылауында және нақты мақсаттар үшін жүзеге асырылды. 1990 жылдан бастап Монғолияда саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізіліп, нарықтық экономикаға және еркін, демократиялық жүйеге өту кезеңі басталды. Нәтижесінде, монғол азаматтары өз тұратын жерін еркін таңдау мүмкіндігіне ие болды; соған сәйкес, шетелге қоныс аударушылар саны төмендемей, керісінше жыл сайын айтарлықтай өсуде. Соңғы отыз жылда мыңдаған монғол азаматтары жақсы өмір сүруді көздеп туған жерінен шетелдерге қоныс аударды. Еңбекке жарамды жас ұрпақтың шетелге жаппай көші-қоны, ол елдің әлеуметтік ресурстарының маңызды бөлігі болып табылады, монғол қоғамы үшін сезімтал әрі өзекті мәселе болып табылады. Бұл зерттеу шетелдерге қоныс аударған халықаралық көші-қонның үлкен ауқымына және адамдардың туған жерден кетуді қалайтын себептеріне назар аударады. Зерттеу Монғолиядан халықаралық көші-қонның неге және қалай артқанын, сондай-ақ халықаралық көші-қон ағымына әсер ететін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық факторларды көрсетеді. Экономикалық тұрақсыздық, жоғары жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі, экологиялық ластану сияқты факторлар олардың Монғолиядан көшу шешімінің басты қозғаушы күштері болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шугатай A., & Баркус H. (2025). Монғолиядағы халықаралық көші-қон ағымдарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық себептері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 152(3), 122–141. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-122-141

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану