Түркістан атауының тарихи, геосаяси және мәдени-поэтикалық концепциясы


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-284-297

Кілт сөздер:

Түркістан, Түрк әлемі, тарихи хронотоп, этномәдени кеңістік, геосаяси трансформация

Аңдатпа

Түркістан атауы – түрк әлемінің біртұтастығы мен ортақ мәдени-тарихи сабақтастығын, өркениеттік кодын бейнелейтін кешенді феномен. Тарих бойы бұл атау тек географиялық топоним ғана емес, сондай-ақ этномәдени семиотикасы терең, тарихи хронотоптық құрылымы кең ұғым болып қалыптасты. Түркістан ғасырлар бойы түрк этностарының мемлекеттілік дәстүрлерін, мәдени-интеллектуалдық кеңістігін және рухани-мифопоэтикалық дүниетанымын қалыптастырған орталық ретінде сипатталады. Оның маңыздылығы тек кеңістіктік шеңбермен ғана шектелмейді, сондай-ақ символдық және идеологиялық мәнімен көрініс табады. Түрк әлемінің ортақ өркениеттік тұтастығын сақтауда Түркістан концептісінің маңызы зор.

Бұл зерттеу Түркістан атауының тарихи эволюциясын, оның геосаяси трансформациясын және әдеби-мәдени дискурстағы репрезентациясын талдауға бағытталған. Орта ғасырларда Тұранмен қатар әрі мағыналас қолданылған Түркістан атауының VII ғасырдан бастап ресми қолданылғаны нақты деректермен дәлелденеді. Түркістанды тарихи-географиялық және этносаяси тұрғыдан зерттеген ортағасырлық тарихи дереккөздерден бастап (араб, парсы, түрк ғалымдары әл-Йақуби, Ибн Хаукал, Ж. Баласағұн т.б.), кейінгі түркітанушылардың (Бичурин, Мушкетов, Бартольд, Гаспыралы т.б.) зерттеулеріне дейінгі материалдар негізінде Түркістан атауының мағыналық қабаттары қарастырылады. Зерттеу барысында генеалогиялық, компаративистік, филологиялық-герменевтикалық және семиотикалық талдау әдістері қолданылады. Зерттеу нәтижелерінен Түркістан атауының түрлі дәуірлерде этникалық идентификация, саяси құрылым және өркениеттік тұтастық ұғымдарымен тығыз байланыста дамығаны анықталатыны болжанады.

Түркістан атауының тарихи және геосаяси мағынасы түрлі кезеңдерде саяси-әлеуметтік факторлардың әсерімен әртүрлі өзгерістерге ұшырап, түрлі зерттеушілердің көзқарасына қарай да түрліше интерпретацияланды. Түркістанның мәнін түсініп, шекарасын анықтау барысында ғалымдар тарихи-географиялық, этнолингвистикалық және саяси факторларды негізге алды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жалмырза, А., & Богенбаев, Н. (2025). Түркістан атауының тарихи, геосаяси және мәдени-поэтикалық концепциясы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 152(3), 284–297. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-284-297

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану